Атырау, 24 қараша 07:28
 ашықВ Атырау +4
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Қырғызстан ЕО-ны Қ.Бакиевтің режиміне қатысы бар тұлғаларды ұстап беруге шақырды

2 079 просмотра

Қырғызстан Еуроодақты экс-президент Қ.Бакиевтің режиміне қатысы бар тұлғаларды ұстап беру және заңсыз шығарылған активтерді қайтару туралы үндеуін қайта қарауға шақырды. Бұл туралы ҚР СІМ басшысы Ерлан Әбділдаев ҚР-дағы ЕО-ның тұрақты өкілі Чезаре де Монтиспен кездесуінде айтты, деп хабарлайды Bnews.kz тілшісі.

Е.Әбділдаевтың айтуынша, Қырғызстанның Қ.Бакиевтің қылмыстық режиміне қатысы бар және Қырғызстан сотымен сотталған тұлғаларға баспана ұсынудан бас тарту, оларды ұстап беру және жауапкершілікке тарту, сондай-ақ заңсыз шығарылған активтерді қайтару мен оларға тыйым салу туралы үндеулері ЕО тарапынан уақытылы қолдау таппаған және оған қатысты ешқандай шешім қабылданбаған.

Қырғызстан СІМ басшысы Еуроодақты бұдан бұрын қырғыз тарапынан жіберілген үндеулерді қарауға шақырып, ЕО-ға қырғыз билігінің тиісті үндеуін табыс етті.

Естеріңізге салып өтсек, 2010 жылдың 7 сәуірінде Қырғызстанда екінші халық төңкерісі болған еді. Президент Құрманбек Бакиев елден қашып кетті. Уақытша үкімет құрылды. 2011 жылдың күзінде Қырғызстанның жаңа президенті болып Алмазбек Атамбаев сайланды.

Сот үкімімен Қ.Бакиев және оның отбасының жақын мүшелері сырттай әртүрлі мерзімге бас бостандықтарынан айырылды.

Дереккөз: bnews.kz

17 наурыз 2014, 09:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.