«Атырау» ФК басшылығы хабарлама таратты: 22 наурызда «Атырау» командасының қостанайлық «Тобыл» командасына қарсы алғашқы матчы «Судоремонтник» стадионында өтеді.
Баспасөз хабарламасында былай делінген: «Тренерлік штаб «Мұнайшы» стадионының алаңын тексеріп, «Тобылға» қарсы алғашқы жергілікті ойынды «Судоремонтник» стадионында өткізуге шешім қабылдады. Мұндай шешім футболшыларды зақым алудан қауіпсіздендіру үшін қабылданды. Өйткені «Мұнайшы» алаңын мұз басқан, әзірге ойнау үшін жарасыз. Келесі жергілікті матчтарды «Мұнайшыда» өткізуге дайынбыз, бірақ тек газон ауыстыру жұмыстары басталғанға дейін».
«Атырау» - «Тобыл» матчы 22 наурызда өтеді, басталуы сағат 15.00.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ