15 наурызда "Еуразия" Бірінші арнасынан көрермендер «Лучший город.KZ»атағы үшін еліміздің барлық өңірлерінің теледидарлық сайысын көре алады. Бұл жолы Атырау мен Қостанай қалаларының ұжымдары күш сынасады.
"БӘРІ ӘДІЛ БОЛҒАНЫН ҚАЛАП ЕДІК"
Өткен сенбіде көрсеткен бағадарламаның аңдатпасы тек біздің қаламыздың ғана емес, сондай-ақ бүкіл еліміздің телекөрермендерін таңғалдырғанын анық: онда атыраулық команда өз қарсыластарын шоу ережелерін бұзды деп айыптайды. Сайыстың мәнін түсіндіріп кетейік: бір ұжымға біріккен әр кәсіптің адамдары өз қалаларының Қазақстандағы ең талантты да әнсүйер өлке екенін дәлелдеуге тырысады. Мәскеуде түсірілген шоуда шын мәнінде не болды? Осы сұрақты атыраулық команданың мүшелерінің бірі Кирилл ПАНФЕРОВҚА қойдық.
- Арамызда кейкілжің шоуда өнер көрсеткеннен кейін басталды, - дейді Кирилл. Біздің командада кәсіби вокалшы жоқ, шоудың ережесі солай. Бізде радиодиджей - бұл мен, балалар психологы, автомеханик, МС-диджей, eventагенттік қызметкері, шығыс бишісі және хореография оқытушысы бар... Бізді соқыр жеребе тарту арқылы таңдады, біз бұрын бір-бірімізді білмейтін едік, біз командаға келгеннен кейін ғана таныстық. Басқа қалалардан келген командаларда да қарапайым адамдар жиналған, тек қарсыласымыз Қостанай командасы олай емес. Жеті адамның бесеуі кәсіпқой әншілер ғана емес, барлығы бірге A`capella apriory деген топта бірге ән шырқайды екен. Әрине, біз бұған қарсы болдық, бұл шоудың барлық мәнін жояды ғой. Шындыққа қол жеткізу үшін біз әділ қазылар мүшесі Линда НЫҒМАТУЛЛИНАҒА айттық, ол дайындық кезінде қостанайлық командадан "араларында кәсіпқой әншілер бар ма, барлығын бір топта өнер көрсетесіңдер ме?" деп сұрады. Олар мұны ретсіз айыптау деп есептеп, бір-бірін тек осы жобада ғана танып білгендерін, өзара тек телефон арқылы сөйлесіп тұрғандарын айтып ақталды. Содан кейін бізге біреудің дайындығын тыңдаудың қажет еместігін айтып, "көп сөз қылмай, лайықты түрде қарсылық көрсетіңдер" деп уәж айтты. Нәтижесінде Атырауды жаманатты қылып, күйе жақты, ал біз тек барлығы әділ болуын қалап едік.
"БІЗ ЕШТЕҢЕ ЖАСЫРҒАН ЖОҚПЫЗ"
A Cappella AprioriМен өзімнің шағын зерттеуімді жүргізіп, интернеттен теміртаулық A`Сapella Аprioryвокалдық тобының жеке арнасын тауып алдым, онда топтың келесі құрамы көрсетілген:Роман ГЛАВАТСКИХ (бас, битбокс), Юрий ДЮ (баритон), Александр ПРИГОДИН (тенор), Ирина ДЕСЯТКИНА (альт), Лариса БРАУН (сопрано) (http://www.youtube.com/watch?v=XXBP-tNl46E бетшесін қараңыз).
VKтобы әлеуметтік желісіндегі Юрий Дюдің осы жанжалға берген түсініктемесі жазылған хат алмасу да табылды (http://vk.com/luchshiigorodkz бетшесін қараңыз): "Иә, біз A Cappella Aprioriвокалдық тобымыз!!! Біз мұны ешқашан жасырған емеспіз, өйткені біздің "Үздік қалада" болған кезіміздегі басты мақсатымыз - жоғары деңгейге шығу үшін қажетті тәжірибе жинау еді, сосын, әрине, топ ретінде көзге түсу еді. Сонымен қатар, бізді кәсіпқой деп атау, бұл жерде жағымсыз реңкте айтылса да, бізге ұнайды, мақтан тұтамыз. Бұл айтқандарыма тағы қосқым келетіні - қыздар, жігіттер, біз әлі осындай жобаларда талай кездесетін боламыз (мүмкін сіздерде, мүмкін бізде болатын концерттерде), сол кезде бір-бірімізбен жақсы сезіммен, достар ретінде кездескеніміз оңды болар еді!!! Еш мысқылсыз, құрметпен, Юрий Дю ".
Айта кетсек, «Лучший город.KZ» жобасы басталмас бұрын-ақ сынға қатты ұшырап еді. Телеканалдың ресми сайты кастингтен өте алмаған қазақстандықтардың шабуылына ұшырады. Олар жоба жасаушылардың әділетсіздігін беттеріне басты, ұйымдастырушылардың ішіндегі кейбір тұлғаларға сын тақты.
Ертең телекөрермендер бұл жанжалдың мән-жайын ғана емес, қостанайлықтардың орындауындағы шведтің «Europe» рок тобының әнін тыңдай алады. Біздікілер бір кездері әзірбайжандық әнші Рашид Бейбітов орындаған "Я встретил девушку" әнін таңдапты. Бағдарлама Атырау уақытымен 19.00-де болады.
Анастасия ПАСТУХОВА