Атырау, 30 қыркүйек 06:31
 ашықВ Атырау +20
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Пентагон жоғалған Boeing-тың Үнді мұхитына құлағанына сенімді

1 713 просмотра

Астана. 14 наурыз. Baq.kz – Бұған дейін жоғалған малайзиялық ұшақ жер серіктеріне әлсіз дыбыс жеткізгендігін хабарлаған болатынбыз. АВС телеарнасының мәліметінше, ұшақ бортындағы екі байланыс қондырғысы бір сәтте өшпеген. Өшу уақыттарының аралығы шамамен 15 минут. Демек, ол қасақана істен шығарылды деген күдік бар дейді телеарна тілшілері.

Ал, Пентагон болса ұшақты Үнді мұхитынан іздеу керек дегенді айтып отыр. АҚШ тарапы қазір аталған аймаққа құтқарушылар кемесін аттандырды.

"Біздің қолымыздағы мәліметтер бойынша Бойнг Үнді мұхитына құлаған" дейді Пентагонның жоғары шенді қызметкері. Бұған дейін Ақ үйдің ресми өкілі Лдей Карни іздеу аймағы Үнді мұхитына дейін жетуі мүмкін деген мәлімдеме жасаған болатын. Алайда, АҚШ билігінің қолында қандай мәліметтің бар екені айтылмай отыр.

Дереккөз: baq.kz

14 наурыз 2014, 14:42

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.