Атырау, 26 қараша 22:34
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Мұздан сақ болайық!

3 194 просмотра

13 наурызда облыстық судан құтқару қызметінің қызметкерлері Атырау қаласы аумағындағы Жайық өзенінің мұзы астына түсіп кеткен екі адамды құтқарды.  

Сағат 16.30-да Стройконтора маңында өзеннен еріп жатқан мұз арқылы өтпекші болған 53 жастағы ер адам мұз астына түсіп кетті. Жанталаса мұз қарманған бейбақты құтқарушылар шығарып алды. Бір сағаттан кейін облыстық перзентхана маңында мұз үстімен велосипедпен кетіп бара жатқан 50 жастағы ер адам түсіп кетті. Құтқарушылар велосипедшіні құтқарып қалды. Оның көлік құралын шығарудың сәті түспеді, алайда ол бұған «бас садақа» деп ренжімейтін шығар.

Облыстық судан құтқару қызметінің басшысы Ершат ҚИБАШЕВТЫҢ айтуынша, қала аумағындағы Жайық өзені мұзының қалыңдығы 15-20 см, алайда ол мықтылығынан айырылған және аяқпен жеңіл ойылады.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

14 наурыз 2014, 12:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.