Атырау, 24 желтоқсан 17:23
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 523.72
€ 544.09
₽ 5.20

Маңғыстаудағы ереуіл

2 556 просмотра

Екінші апта бойына жұмысшылары ереуілге шығып, жұмыстарын тоқтатқан «Қаражамбасмұнай» компаниясы наразылық акциясы тоқтатылғаннан кейін ғана келіссөз жасауға болатынын мәлімдеді. Ал жақын күнде осы акцияға «Өзенмұнайгаз» мұнайшылары да қосылды.

 

«Ақтау» тәуелсіз кәсіподақтар бірлестігінің жетекшісі Мұхтар ҮМБЕТОВТІҢайтуынша, 26 мамырда «ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру» компаниясының «Өзенмұнайгаз» өндірістік филиалының ОС-5 (ұңғыларға қызмет көрсету) басқармасының 10 жұмысшысы аштық жариялаған. Олар да жалақыларын көтеруді талап етіп отырған көрінеді. «ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру» компаниясының баспасөз қызметі Жаңаөзен қаласының соты бұрын «Өзенмұнайгаз» бөлімшесі қызметкерлерінің еңбекақы төлеу жүйесін өзгерту туралы талаптарын негізсіз деп тапқандығын хабарлады.

Ал 17 мамырдан бастап еңбек ақыларын көбейтуді талап еткен Қаражамбас  мұнай кәсіпшілігіндегі жұмысшылар ереуілі әлі жалғасуда. Ереуілшілер саны 2 мың адамға жеткен. «Қаражамбасмұнай» АҚ баспасөз релизінде бұған қатысты былай делінген: «Ереуіл нәтижесінде 240 миллион теңгеден астам мөлшерде зиян келтірілді. Сонымен қатар компания қызметкерлері де әжептәуір зиян шекті. Енді 4-ші, 5-ші дәрежелі мұнай өндіруші оператордың жұмыс тоқтап қалған күндердегі шығыны (9 күн) 100-ден 130 мың теңгеге дейін, 5-ші дәрежелі бұрғылаушы көмекшісінің шығыны – 120 мың теңгеден астам, 4-ші дәрежелі арнайы техника жүргізушісінің шығыны – 90 мың теңгеден астам соманы құрайды».

Компания басшылығы тек ереуіл тоқтатылғаннан кейін ғана келіссөздер жүргізетіндіктерін мәлімдеді. Сондай-ақ, ол оған «Қаражанмбасмұнай» кәсіподағының белсендісі Наталья СОКОЛОВАНЫҢ қатысуы мүмкін емес екендігін ұқтырды.

Азамат МАЙТАНОВ

2 маусым 2011, 17:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.