Атырау, 21 желтоқсан 10:28
 ашықВ Атырау 0
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

«Нағыз футбол өрнегін көрсетеміз»

1 924 просмотра

«Атырау» футбол клубы биылғы маусымда 80%-ға өзгерген команда құрамын жанкүйерлерге таныстырды.

«Атырау» құрамында жанкүйерлерге бұрыннан таныс келесі ойыншылар қалды: қақпашылар Андрей ШАБАНОВ пен Нұрболат ҚАЛМЕНОВ, қорғаушылар Алексей ШАКИН, Валентин ЧУРЕЕВ, Ренат АБДУЛИН (команда капитаны), жартылай қорғаушылар Георгий ПЕЙКРИШВИЛИ, Айбар НҰРЫБЕКОВ,  Асылбек СЕЙІТҚАЛИЕВ («Атырау» қосалқы құрамында) және шабуылшы Алексей ЩЕТКИН. Жаңа ойыншылар - қақпашы Антон ЦИРИН (талдықорғандық «Жетісуда» ойнаған, ұлттық құрама мүшесі), қорғаушылар: Павел ПЛАСКОННЫЙ («Динамо»Минск), Кирилл ПАСЕЧНИК («Астана»). Михаил АФАНАСЬЕВ (белоруссиялық «Гомель»), нигериялық Майкл ОДИБЕ («Арсенал» Киев), Марат БУТУЕВ (владикавказдық «Алания»), Азамат ІЗБАСАРОВ («Атырау» шәкірті, ақтаулық «Каспий» командасынын оралды); жартылай қорғаушылар: камерундық Стефан ЭССАМЕ (белоруссиялық «Неман»), Андрей КАРПОВИЧ («Ордабасы»), Филипп РУДИК (белорусиялық «БАТЭ»), Евгений КОСТРУБ («Ақ Жайық»), Дмитрий ПАРХАЧЕВ («Қайсар»), серб Марко БЛАЖИЧ (ташкенттік «Бунедкор»), неміс футболшысы Савио НСЕРЕКО («Вест Хэм»Англия); шабуылшылар: серб Милош ТРИФУНОВИЧ («Бунедкор») және Сергей ГРИДИН («Ақтобе»).

Анатолий ЮРЕВИЧАнатолий ЮРЕВИЧСондай-ақ, жаңартылған жаттықтырушылар штабы да таныстырылды: бас бапкер Анатолий ЮРЕВИЧ, аға жаттықтырушы Владимир БЕЛЯВСКИЙ (Белорусссия), жаттықтырушы Заур ТЕДЕЕВ («Атырауға» дейін «Аланию-Д» командасын жаттықтырды). Физикалық дайындық жөніндегі жаттықтырушы ретінде жергілікті маман Қуаныш ҚАБДУЛОВ тағайындалды. Қақпашылардың бапкері - Сергей ЧЕКМЕЗОВ.

Таныстыру рәсіміне қатысқан облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ алға қойған міндеттерді айтты:

- Ең төменгі міндеталтылыққа кіру, ең жоғарғыны өздеріңіз белгілейді деп сенеміз.

А. Юревич алдағы маусымда«Атырау» жанкүйерлерін жерге қаратпайды деп мәлімдеді

- Шынайы футбол өрнегін көрсетеміз деп уәде беремін,- деді ол.

В. Белявский журналистерге маусымға дайындық аясында команда 4 оқу-жаттығу жиынын өткізгенін, 9 жолдастық жаттығу кездесуін (6 жеңіс, 1 тең ойын, 2 жеңіліс) өткізгені туралы айтты.

- Бізге жақсы клубтардан жақсы ойыншылар келді, ең бастысы, бірлігі жарасқан ұжым құрылуы қажет,- деді Белявский.

15 наурызда ел чемпионатының 1-турында «Атырауды» алматылық «Қайрат» қабылдайды.

Тамара СУХОМЛИНОВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

14 наурыз 2014, 16:41

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.