Өткен аптада Махамбет ауданының Алға ауылында (17 ауыл) дәрігерлік амбулатория өз жұмысын бастады.
Махамбет ауданының әкімі Ерлан ЖАҢАБАЕВ осындай үш амбулатория Ақжайық, Таңдай және Бейбарыс ауылдарында салынып жатқанын айтты. Медициналық нысандармен бірге дәрігерлер үшін 2 пәтерлі үйлер салынып жатыр. Ауыл медиктерінің тұрғын үй проблемасын шешу өте маңызды, өйткені аудан бойынша 8 дәрігер жетіспейді.
Орталық аудандық аурухананың бас дәрігері Ермек САБЫРОВ хабарлағандай, амбулатория Алғаның бүкіл 2 мың тұрғынына қызмет ететін болады. Онда гинекологиялық, педиатриялық, процедуралық және екпе кабинеттері, ЭКГ, күндізгі стационар, зертхана, аспаптарды зарарсыздандыру бөлімшесі, дәріхана бар. Құрылыспен «АтырауКапстрой» ЖШС айналысты.
Ауылдың ақсақалдар кеңесінің төрағасы Қонысбай ТҰРАРОВТЫҢ айтуынша, 1968 жылы ауылда 10 кереуеттік аурухана салынған. Бірақ ғимарат тез тоза бастап, кейіннен аурухана жабылып қалған. Өткен жылы Атырау-Индербор жолы салына бастады. Осы тас жолдың басында орналасқан Алға ауылы облыс орталығымен көлік байланысын жақсы жолға қойған. Сол кезде бүгінде жұмыс істейтін ауылдық клубқа күрделі жөндеу басталған еді, енді амбулатория ашылуда.
- Бір сөзбен айтқанда, биылғы жылдың басы есте қалатын болды, - деп сөзін түйіндеді ақсақал.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ