Атырау, 30 қыркүйек 06:34
 ашықВ Атырау +20
$ 479.23
€ 534.96
₽ 5.16

Өнерлі полицейлер

2 056 просмотра

Атырауда құқық қорғау органдары қызметкерлері арасында «Ал, кәне, қыздар!» арулар байқауы өтті.

 Байқауға ІІД-нің түрлі қызметтері мен бөлімшелерінен 8 полицей қыз қатысты. Көрермендерге (негізінен, құқық қорғау органы қызметкерлері) ең ұнағаны «өнер» сайысы болды: әр қатысушы билеп, ән салып, өлең оқыды...  

Қыздар кәсіби деңгейде де сайысқа түсті. Байқаудың жүргізушісі ІІД баспасөз хатшысы Гүлнәзира МҰХТАРОВА түрлі сұрақтар қойды, ал соңында әрқайсысына полицейдің штаттық қару түрлері, өзін-өзі қорғау құралдары туралы тапсырмалар берілді.   

Қызметкерлердің асханалық шеберліктері де сыналды. Қыздар дайындаған түрлі тағамдар қазылар алқасына қатты ұнады.

Қорытындысында бас жүлде Атырау ҚІІБ жол-патрульдік полиция инспекторы, полиция сержанты Фаризат МАХУОВАҒА берілді. Бірінші орынды Махамбет АІІБ әкімшілік полициясы бөлімінің аға инспекторы, полиция аға лейтенанты Жазира ДҮЙСЕШОВА алды. Екінші орын Жылыой АІІБ әкімшілік полициясының кәмелет жасқа толмағандармен жұмыс жөніндегі аға инспекторы, аға лейтенант Кәмшат ИМАНҚҰЛОВАНЫҢ иелігінде. Құрметті үшінші орын Исатай АІІБ көші-қон полициясы бөлімінің инспекторы, полиция капитаны Надежда АХМЕТҚАЛИЕВАҒА бұйырды.     

Анастасия ПАСТУХОВА

Суретті түсірген автор

13 наурыз 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.