Атырау, 26 қараша 22:44
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Ганюшкино ластанып барады

2 611 просмотра

14 мың халық тұратын Құрманғазы ауданы Ганюшкино ауылында тұрмыстық қалдықтарды шығарумен айналысатын бірде-бір мекеме жоқ. Оларды жинайтын және шығаратын арнайы техникалар да жоқ. 

- 2005 жылы қоқыс жәшігін қоятын алаңшалар жасалғанымен, жылдар өте оларды су мен топырақ басып қалды. Бұдан алты жыл бұрын алынған қоқыс жәшіктері тесіліп, жарамсыз болып жатыр, - дейді тұрғындар.

Ал Мұрагер көшесінің тұрғыны Раушан ҚУАНАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, қалдықтар аптасына бір рет шығарылады, сондықтан тұрғындар қалдықтарды жерге төгуге мәжбүр.

Ганюшкинода бес жыл бойы санитарлық тазалықпен айналысқан жеке кәсіпкер Еркеғали ТАЯШЕВТЫҢ қызметі өткен жылдың қыркүйегінде ауданаралық экономикалық соттың шешімімен тоқтатылған. Сол уақыттан бері Ганюшкинода санитарлық тазалықпен ешкім айналыспайды.

Соңғы рет мұнда жаңа арнайы техника 2003 жылы Каспий құбыржелісі консорциумының демеушілігімен алынып еді. Оларды жеке кәсіпкер жалға алып отырған, бірақ 11 жылдың ішінде бұл екі арнайы техника толық істен шыққан.

Қазір ауылдың тазалығын қоғамдық жұмыстарға тартылған 35 адам қамтамасыз етіп отыр.

- Олар бар көше қоқыстарын бес күн бойы жинап, бір жерге үйеді. Ол қоқыстар сенбі, жексенбіде демеушілік көмек танытқан мекеме, жеке адамдардың техникасымен қоқыс алаңына тасылады, -дейді Ганюшкино ауылдық округінің әкімі Аян ТӘЖІБАЕВ.  -«Құрманғазы жолдары» ЖШС, жергілікті колледж, Ерболат ҒАБИТОВ, Мереке ӨМІРҒАЛИЕВ, Дүйсенбай НАЖИМОВ деген жеке тұлғалар техникаларымен үнемі көмектесіп жүр. 

- Бұл мәселе қашан шешіледі?

- Қазір біз облыс әкімдігіне арнайы техника алдырту жөнінде сұраныс бердік. Сонымен қатар бізге 200 қоқыс жәшігі, 80 алаңша қажет болады. Жұмыс мердігерін тендер анықтайды.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

13 наурыз 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.