Атырау, 26 қараша 22:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Ғасыр жасаған әжелер

2 205 просмотра

Анфиса ЗАРЩИКОВА.Анфиса ЗАРЩИКОВА.Әйелдер мерекесінің қарсаңында, 6 наурызда облыс және қала басшылары Атырау қаласының екі тұрғынын - Жамал НИЕТАЛИЕВА мен Анфиса ЗАРЩИКОВАНЫ 100 жылдық мерейтойларымен құттықтады.

Облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВТЫҢ пікірінше, әжелердің осылайша көп жасауы еңбексүйгіштіктеріне байланысты. Жамал әже мен Анфиса Исаковна өз ғұмырларында талайды көрген: аштық, соғыс және т.б. Соғыстан кейін елді көтеріп, балаларды өсіру қажет болды, құжат толтыруға уақыт жоқ еді. Анфиса Исаковна құжатын алып, оны бір жылға жасартып жібергенін көргенде, көп ренжіген жоқ, «жас болсам, жас болайын» деді де қойды. Алайда оның тума-туыстары оның 1914 жылы туғанын жақсы біледі және олар бұл мерейтоймен әжені жыл басында-ақ құттықтаған. Көңілді туыстары әжелеріне арнап өз қолдарымен отбасылық суреттерді жапсырып, құттықтау бетшесін әзірледі. Ортада Анфиса Исаковна жолдасы Павелмен бірге. Ол өзінің алты бауырымен бірге соғысқа қатысты, елге мүгедек болып келсе де, ұзақ ғұмыр кешті. 1988 жылы бақилық болды. Анфиса Исаковна ес білгеннен жұмыс жасап келе жатыр екен: бақша шаруашылығында, ауруханада, өндірісте. Оны жұмыстастары ұмытпаған, естеріне алып отырады.

Жамал әже өз еңбек жолын «Каз энергонефть» кәсіпорнында токарь болып бастаған екен. Балаларын жалғыз өсірді - жолдасы соғыста қаза болған. Екі баласы жас күнінде қайтса, тағы бір ұлын 1986 жылы жерлеген екен.

- Бұдан екі жыл бұрын ол ширақ, көңілді жүретін еді, алайда уақыт өзінікін алады ғой, - дейді Жамал әженің қызы, бүгінде қарт әжені күтіп-бағып отырған Гүлшара НИЕТАЛИЕВА. - Апам жүзге дәл осы 8 наурызда толады.

2005 жылдан бері тұрғын үй кезегінде тұрған құрметті әже өз мерейтойында биліктен «Гранд Атырау» тұрғын үй кешенінен бір бөлмелі пәтерге ие болды. Алайда бұл әжелер  туғандарының риясыз көңілі мен қамқорлығын ең бағалы сыйлық деп есептейді және баршаларыңызға денсаулық тілейді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ 

12 наурыз 2014, 17:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.