Атырау, 26 қараша 22:40
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Фарра тексереді, Купер көмектеседі

1 365 просмотра

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасының жетекшісі Фади ФАРРА инвестицияны тарту бағдарламасын жасау кезінде аумақтық принципке емес, жергілікті компаниялардың құзіретіне талдау жасауға үміт арту керек деп есептейді.

Бұл туралы шетелдік сарапшы «Даму» қорының кеңсесінде жергілікті Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жергілікті филиалы ұйымдастырған кездесуде әңгімеледі.

Өңірлердің бәсекеге қабілеттігін дамыту бағдарламасының аясында пилотты үш облыс: Шығыс Қазақстан, Қызылорда және Атырау облыстары таңдалынып алынды. Ірі мұнай корпорацияларында топ-менеджерлік мол тәжірибесі бар Фади Фарра сарапшы ретінде бізге кәсіпорынның бәсекеге қабілеттігіне қатысты салмақты талдау жүргізуге көмектеседі.

Бізге жергілікті бизнесмендермен біріккен кәсіпорын құрғысы келетін шетелдік компаниялар жүгінеді. Бірақ оларға кейде көмектесе алмай қалып жатамыз. Осыған байланысты біз шетелдік инвесторлармен әр алуан салада: құрылыс, электр техникасы мен басқа салада жұмыс істеуге әзір жергілікті компаниялардың дерекқорын жасағымыз келеді, - дейді Атырау облыстық ҰКП төрағасы Асылбек ЖАКИЕВ. Компанияның мәліметтерді іріктеу өлшемдері, атап айтқанда, мықты менеджмент, жаңа технологияны енгізу, ИСО-ның болуы болмақ.

Әсіресе, мұнай-газ өнеркәсібінде біріккен кәсіпорын құру мәселесі өте өзекті. Сондықтан мұнай-химия, құрылыс, өндірістік және сервистік компаниялардан үміт күтілмек.

А.Жакиевтің пікірінше, БК құру процедурасы жергілікті компанияларға түсінікті әрі қолжетімді болу үшін инвестицияны тартудың белгілі бір хаттамасын жасақтау керек. Өз кезегінде, компаниялар өздерінің қандай шарттар бойынша сай келуге міндетті екенін түсінуге тиіс.

Кездесудің екінші қонағы, Cooper инжинирингтік компаниясының басшысы Джонатан КУПЕР жергілікті қамтуды дамыту тәжірибесі туралы әңгімеледі. Қазіргі уақытта компания біздің өңірімізде БК құру жұмыстарын жүргізуде және «адам капиталын» дамытуға әзір: Cooper 50 000 доллар мөлшерінде екі студентті оқытуға грант бөледі, жергілікті колледждердің біріне қамқорлық жасамақ. Бұдан басқа, олар дүние жүзі бойынша Cooper компаниясының жобаларында жергілікті инженерлерді алмастыруды өз мойнына алуға әзір.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

11 наурыз 2014, 17:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.