Атырау, 18 мамыр 13:21
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

«Боксшы» лейтенанттың ісі

2 385 просмотра

Өткен жылдың аяғында Батыс өңірлік әскери прокуратурасының бастамасымен Атырау гарнизонының барлық бөлімдері мен мекемелерінде әскери қызметшілердің арыз-шағымдарын жеткізе алатын телефондар, e-mail және WhatsApp (смартфондарға арналған қосымша) мекенжайлары көрсетілген билбордтар мен баннерлер орнатылған еді. Бұл бастама аса әйгілі болып кетпегенмен, бір рет пайдаға асты.

17 қаңтарда Батыс өңірлік әскери прокуратурасы қызметкерлерінің WhatsApp желісіне шекара заставаларының бірінің офицері қатардағы жауынгерлерді соғады деген хабарлама түсті. Батыс өңірлік әскери прокурорының орынбасары Руслан ӘЛМАХАНОВТЫҢ айтуынша, шұғыл тексеру жүргізілген. Тексерушілер  №2016 әскери бөлімінің аумағынан түрлі жарақаты бар үш сарбазды тапты. Олар өз жарақаттарын лейтенант Б. соққыға жыққан кезде алдық деп куәлік берді. 

Кейін анықталғандай, 17 қаңтарда таңғы астан кейін офицер дәлізге бес қатардағы жауынгерді сапқа тұрғызып, қолына боксшы қолғабын киіп, барлығына басы мен денелерінен 5-6 соққы беріп шығады. Содан кейін лейтенант сарбаздарға газтұмшалағыштар мен жалпы әскери қорғаныс киімін кигізіп, застава ғимаратын айнала жүгіруге мәжбүрлейді. Бір cұмдығы, лейтенант жүгіріп жүргендерді де теуіп-соғып, әлімжеттік жасаған.

Лейтенант Б.-ның үстінен ҚР ҚК 380-1 бабы 2 тармағы бойынша («Күш көрсете отырып, билікті және қызметтік құзіретін асыра пайдалану») қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс Ақтөбе гарнизонының әскери сотында қаралып жатыр.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ
 

11 наурыз 2014, 16:24

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.