Атырау, 18 мамыр 10:24
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Сот сарбаздарға мейірімділік көрсетті

3 146 просмотра

Ақтөбе гарнизонының әскери соты Привокзальныйда орналасқан 41433 әскери бөлімнің (барлау полкы) келісімшарт бойынша қызмет атқарып жүрген екі сарбазына үкім шығарды.

Батыс өңірлік әскери прокурорының көмекшісі Алғатай НҰРҒАЗЫҰЛЫ істің мән-жайын айтып өтті. Өткен жылдың 23 қазанында 21 сағат 30 минутта рота бойынша кезекші болған келісімшарт бойынша қызмет атқарып жүрген сержант 20 қатардағы жауынгерді казарманың 4-қатарында сапқа тұрғызып, саптық дайындық жаттығуын өткізеді. Сарбаздардың бірі пәрменді қате орындайды, сол кезде сержант оны кеңселік бөлмеге алып барып, бетінен ұрады. Қатты соққыдан құлаған сарбаз басын үстелдің шетіне соғып алады. Айқай-шуды естіген жауынгерлер бөлмеге кіріп, таяқ жеген жолдастарын алып кетеді. Мұны «қыр көрсету» деп есептеген сержант телефон арқылы «әріптесін» шақырады. Ол жауынгерлерді балағаттап, күректің сабымен ұрады және 4-қатардан 1-қатарға дейін жер бауырлап баруды бұйырады.

Болған жағдай туралы әскери полиция естиді, олар жүргізген тексеру кезінде сарбаздардың үстінен көгерген, ісік жарақаттар анықталады. Осы факт бойынша 380-1-баптың 2-тармағы «а» тармақшасы бойынша («Күш көрсету арқылы билікті немесе қызметтік құзіретін асыра пайдалану») қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын белгілейді. Алайда сот жаза белгілерде айыпкерлердің өкініші мен тергеуге белсенді көмектескендерін ескеріп, ҚР ҚК-нің 55-бабын қолданды. Оларға әскери қызметте екі жылға шектеулер қоюға (қызметтік сатыда жоғары көтерілуге, кезекті шен алуға, сыйақылар тағайындауға және т.б.), еңбек ақыларынан мемлекет пайдасына 20% ұстауға үкім шығарылды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

11 наурыз 2014, 16:23

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.