Атырау, 30 қыркүйек 20:01
 дождьВ Атырау +25
$ 439.37
€ 498.60
₽ 5.22

Монополистер 2013 жыл үшін есеп береді

1 588 рет қаралды

ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің департаменті (ТМРАД) 2013 жылғы жұмыс қорытындылары бойынша монополистердің халық алдындағы есебі басталатындығы туралы хабарлама таратты.

«Атырау-Жарық» АҚ басшылығының тұрғындармен кездесуі 19 наурызда сағат 10-да Д.Нұрпейісова атындағы Мәдениет үйінде, «АЖЭО» АҚ басшылығының кездесуі сол жерде 20 наурызда сағат 11-де, «Атырау жылу жүйелері» АҚ-ның кездесуі сол жерде сағат 12-де өтеді. «Атырау СуАрнасы» КМК басшылығының есебі 28 наурызда сағат 15-те КМК орталық кеңсесінің акт залында өткізіледі.

ТМРАД басшысы Райхан МИЗАМҒАЛИЕВАНЫҢ айтуынша, монополистер басқа мәселелермен қатар, инвестициялық бағдарламалардың жүзеге асырылуы мен тарифтік сметаның орындалуына қатысты есеп бермек.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

7 наурыз 2014, 13:46

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.