Атырау, 26 қараша 20:36
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Ана мен балаға қамқорлық

1 820 просмотра

Қазақстан Коммунистік Халық партиясы Атырау облыстық филиалы «Әйелдерге қамқорлық – болашаққа қамқорлық» тақыры-бында қоғамдық талқылау өткізді. Оған ҚКХП-дан бөлек Қазақстан патриоттары партиясы,«Руханият», «Ақ жол»партиялары филиалдарының өкілдері және мектеп, колледж басшылары қатысты. 

ҚКХП облыстық комитетінің бірінші хатшысы Ерболат ДӘУЛЕТҚАЗИЕВ:

- Елімізде бірінші, екінші және үшінші балаға берілетін бір жолғы жәрдемақы 55 560 теңгені құрайды, ал, 4-бала үшін әйел 92 600 теңге алады. Салыстырып қарасақ, Сингапурде бір жолғы жәрдемақы 4 900, Беларусьте – 1 000-1 500, Ресейде 3 000, Украинада 3 500 долларды құрайды екен. Ал Францияда баланы дүниеге әкеліп, үш жылдық демалысқа кеткен әйелге ай сайын 400 еуроға дейін жәрдемақы төленеді. Ал біздер осындай көрсеткіштермен дамыған 30 елдің қатарына қалай қосыламыз?.

Қазақстан патриоттар партиясы филиалының бірінші хатшысы Ағила МОЛДАҒАЛИЕВА бала туған әйелге бір жолғы жәрдемақыны 150 мың теңге көлемінде беру керек деген пікірде. Жиналғандардың барлығының да пікірі еліміздің мұнай табысын балалар мен аналар үшін пайдаланудың уақыты келді дегенге тоғысты.  

Нұргүл ХАЙРУЛЛИНА

6 наурыз 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.