Атырау, 26 қараша 20:33
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

Су тасқыны нормадан жоғары болады деп күтілуде

2 198 просмотра

4 наурызда облыстық әкімдікте облыстағы өзендердің су таситын кезеңнен өту жөніндегі штаб отырысы болып өтті.

Облыстық ТЖД бастығы Болатбек ОМАРОВ хабарлағандай, облыстағы өзендерде су тасқыны нормадан тыс болады, өйткені Еділ мен Жайық өзендері бассейндеріндегі қар қоры өткен жылғыға қарағанда 2 еседен артық болады деп күтілуде.

Тасқынның қуаттылығы үш факторға – аумақтың күзгі ылғалдануына, қар қорына және көктемгі ауа температурасына байланысты. Егер ауа температурасы күндіз оң шамадан түнде теріс шамаға дейінгі аралықта өзгеретін болса, онда қар аз-аздан ериді де, су тасқыны қалыпты өтеді, – деді ТЖД бастығы. – Бүгінде Ириклинск су қоймасы 76 пайызсумен толған. 4 наурыздағы мәліметтер бойынша Қиғаш пен Шарон өзендерінде мұз жарыла бастады.

Облыс әкімінің ТЖ болған жағдайдағы төтенше резерві 341,7 млн теңгені құрайтыны анықталды. 153 тонна жанар-жағармай, 5 382 тонна инертті материалдар мен 15 мың дана ыдыс-қаптан тұратын қор құрылды. 2013 жылы 52 млн теңгеге Құрманғазы ауданының аумағында 17 шақырым қорғаныс бөгетін нығайту жүргізілді. Еріген қар суын өткізу үшін көлік жолдарының астындағы тұрбалар мен көпір ойықтарын тазарту керек.

4-6 наурызда республикалық «Көктем-2014» командалық-штабтық жаттығулары өткізілді. Алайда, облыстық ТЖД бастығының орынбасары Марат ҚҰРМАНОВТЫҢ айтуынша, құтқару дружиналары мен арнайы техниканы тексеруге ауқымды тізімдегі бірнеше кәсіпорындардың өкілдері ғана келген. Осы сөзден кейін штаб отырысына төрағалық ететін облыс әкімінің орынбасары Сәлімжан НАҚПАЕВ баспасөзден залдан шығып кетуді өтінді, ал әрі қарай не болғаны белгісіз болып қалды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

6 наурыз 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.