Қаңтардың 27-сінде Индербор кентінде адамдарға шапқан қасқырдың құтырумен ауырғандығы анықталды («АЖ», №5, 30.01.2014 ж., «Индерборда қасқыр екі адамды жарақаттады»).
Индер аудандық аурухана-сының бас дәрігері Анар ДОСПАЕВА қасқырдан зардап шеккен 90 жастағыАлдаш ИСАЕВ ауруханадан айығып шыққанынан бір күн өткен соң үйінде қайтыс болғанын, алайда, мұның құтыру ауруы салдарынан болмағанын хабарлады (оған бірден құтыру ауруына қарсы екпе салынған).
- Жақында облыстық сараптама қорытындысы қасқырдың құтырғанын анықтады, - деп хабарлады Индер ауданы ветеринария бөлімінің бастығы Сатыбалды ОРАЗҒАЛИЕВ. - Онымен қатынаста болды деген адамдарға құтыруға қарсы екпе салынды. Төрт ит атылды, бірақ төрт тұрғын иттерін атуға келісімдерін бермей, қолхат жазып берді. Аула-қораларды дезинфекциялау жұмысымен эпизотряд айналыспақшы.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА