– Таяуда Ақтөбе және Астана қалаларында нәтижесінде адамдар өліп, бірнеше адамдар жараланған жарылыстар орын алды. Енді елдегі қауіпсіздік пен тұрақтылық туралы алаңдауға болады деп есептеймін. Соңғы орын алған қайғылы оқиғаларға орай қосымша қауіпсіздік шаралары, әсіресе, мереке күндері адамдардың көп шоғырланған жерлерінде жүзеге асырыла ма? Патрульдік жасақтар металл және басқа да террористік құрал-жабдықтарды іздестіруші құралдармен жарақтанатын бола ма?
Бағытжан
Сауалға облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира МҰХТАРОВА түсінік берді. «Шынында да лаңкестік орын алған күндері облыста ІІД барлық бөлімшелеріндегі өткізу жүйелерінде қауіпсіздік шаралары қосымша күшейтілді. Онда барлық полицейлер қолға ұстауға арналған металл іздестіруші құралдармен жарақтандырылды. Қоғамдық орындарда да алдымен бақылауды күшейту режимдері жүзеге асырылды. Бүгінгі күні барлық патрулдер әдеттегі режим бойынша жұмыстарын атқаруда. Ал, біз кез-келген патрулшіні металл іздеуші құралмен жабдықтауды орынсыз деп таптық».