Атырау, 30 желтоқсан 22:50
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 521.81
€ 543.67
₽ 5.05

Мектеппен еріксіз қоштасу

2 552 просмотра

– Ұлым №2 мектептің (шіркеу маңында) 9-сыныбын бітірген еді. Енді бізге ол жерде 10-сынып болмайды деп хабарлады. Неліктен?

Айгүл

№2 мектептің оқу ісінің меңгерушісі Күләш АБЛАЕВАНЫҢ айтуынша, жыл сайын 9-сынып түлектерінің басым бөлігі колледждерге түседі де, 10-сыныпқа бар болғаны 7-8 оқушыдан қалады. Негізінен бұлар арнаулы орта оқу орындарына ақша төлеуге мүмкіндіктері жоқ аз қамтылған отбасыдан шыққан балалар. Алайда осындай шағын ғана мөлшердегі оқушылары бар сыныпты ұстап тұру қалалық бюджет үшін тиімсіз. Сондықтан жақын арада қалалық қаржы бөлімі, егер биылғы жылы 10-сыныпта 15 адамнан артық жиналмаса, онда оны жауып тастайтындығын мәлімдеген еді. Қазір 10-сыныпта оқығысы келетін 8 оқушы бар. Сондықтан ата-аналарға балалары үшін басқа оқу орнын іздеу жөнінде ұсыныс жасалды.

2 маусым 2011, 15:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.