Атырау, 26 қараша 20:32
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

ТШО мен Консорциумның әрекеттері

2 998 просмотра

Теңгенің девальвацияға ұшырауына байланыс-ты NCOC және ТШО компаниялары өз қызметкерлерінің жалақысын 10 пайызға өсірді.

«Теңізшевройл» ЖШС-нің баспасөз хабарламасында 2014 жылғы 1 ақпаннан бастап компанияның жалақыны 10%-ға көтеретіні хабарланды. Бұл туралы ТШО ұжымының жалпы жиналысында бас директор Тим МИЛЛЕР мәлімдеді. Ол, сондай-ақ, 2014 жылғы 1 сәуірден бастап қызметкерлердің көпшілігінің жалақылары қосымша орта есеппен 9 және одан көп пайызға өсетінін айтты.

«Теңізшевройл президент Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВТЫҢ ірі компанияларға өз қызметкер-лерінің жалақысын 10%-ға арттыру туралы ұсынысын қолдады», - деді Тим Миллер ұжым жиналысында. Сәуір айына жоспарланып отырған жалақыны қосымша көтерумен қатар оны шұғыл түрде 10 пайызға арттыру компания басшылығының өз қызметкерлері алдында жауапкершілігін түсінетінін көрсетеді.

«Тұрғын үй несиелерін, білім беру гранттарын, фитнес-клубқа абонементтер, сондай-ақ, бірқатар бонустар беру бағдарламасы бәсекеге қабілетті жалақы мен үлкен әлеуметтік пакеттерді қамтамасыз етеді және бұл жоғары білікті мамандарды тартуға мүмкіндік берері сөзсіз», - деді Тим Миллер.

Компания қызметкерлері алған сәуірдегі қосымша көтеру туралы сілтемелерде бәрі нақты көрсетілген: ҚҚБҮ-не (қызметкерлердің қызметтерін басқару үдерісі) қатыстырылған қызметкерлердің жалақысы 4,8-ден кем емес пайызға арттырылады. Алайда, көпшілігіне «жұмыс нәтижелері мен қойылған мақсаттарына байланысты» 9%-ға және одан көп көтереміз деп уәде берілген.

Сонымен қатар, ағымдағы тұрғын үй несиелері бағдарла-масына теңге девальвациясының әсерін зерделеп, қажетті шараларды қабылдау үшін жұмыс тобы құрылды. Бұл топтың жұмыс нәтижелері 1 маусымда белгілі болады.

- Бізге үй сатып алуға алған несиелеріміз бойынша ай сайынғы жарна мөлшерін кері қараймыз деп сөз берді, - деп хабарлады ТШО қызметкерлерінің бірі.

NCOC-тан келген ресми ақпарат қысқа берілген. Теңгенің девальвациясына байланысты Солтүстік Каспий Консорциумы 2014 жылғы 1 наурыздан бастап негізгі жалақыны 10%-ға өсіруге шешім қабылдады. Бұл шешім NCOC-тың және еңбек шарты бойынша жұмыс жасап жатқан компания-агенттердің қазақстандық қызметкерлеріне, сондай-ақ, кадрлық агенттіктер арқылы тартылған келісімшарт негізінде жұмыс жасайтын жұмысшыларға қатысты әрекет етеді.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

6 наурыз 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.