Атырау, 11 қазан 07:36
 ашықВ Атырау +18
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Иттерге арналған шаштараз

4 047 просмотра

– Қаламызда иттің жүнін қидыратын жер бар ма?

Телефон арқылы

Қарапайым сияқты көрінгенмен, бұл сұрақтың жауабын табу оңайға соқпады. Ит асыраушылардан, мал дәрігерлер және қаладағы ветеринарлық қызмет көрсетушілерден сұрастыра келе  қалада иттердің жүнін күзеумен жалғыз ғана «Табиғат» мал дәрігерлік емханасының мал дәрігері Татьяна ДЕМЯШЕВА айналысатынын анықтадық. Оның өзінде де гигиеналық мақсатта ғана күзейді екен. Мұны грумингпен шатастырмау керек. Бұл ағылшын тілінің сөзі, мағынасы - жануарға толықтай күтім жасау процедурасы: тырнақ, көз, құлақ күтімі, жуындыру, құрғату, тарау, декоративті қию, яғни, жануарлардың жүндеріне кәсіби күтім жасау. Тіпті осындай қызмет түрін көрсететін адамдарды грумер деп атайды. Оны үй жануарларының шаштаразы деуге болады. Бізде мұндай қызмет түрі жоқ екен,

– Біз иттер мен мысықтардың жүндерін жануарға шұғыл жәрдем қажет болған жағдайда ғана қиямыз. Бағусыз, күтімсіз қалғанда жүні ұйысып, киіз боп қалғанда бейшара жануардың терісі тұншығып қалады. Мұның сәндік күзеумен еш қатысы жоқ. Біз иттің жүнін теріден миллиметрдей қашықтықта сыпырып аламыз. Ешқандай сәндік немесе өзгеше шеберлікпен жасалмайды. Жалпы біздің емханамызда грумерді арнайы үйретіп, оны штатта ұстауға болар еді. Бірақ ол өте қымбат тұрады, оның үстіне бізде көп сұранысқа ие емес. Менің білуімше, бүгінде лицензиясы бар үш малдәрігерлік емхананың ешқайсысы бұл қызметпен айналыспайды. «Айболит» емханасында осы қызмет түрін көрсететін еді, бірақ онда қазір ол қызмет жоқ.

– Сүйікті үй жануарының жүнін күземеу үшін не істеу керек?

– Оған күтім жасап, жуындырып, әсіресе жүндері ұзын иттерді күн сайын тарап тұрған жөн.

2 маусым 2011, 15:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.