Атырау, 27 желтоқсан 15:43
 ашықВ Атырау -2
$ 515.25
€ 535.91
₽ 5.18

Оқу ешқашан кеш емес

11 025 просмотра

Жасым 55-те. Үш ай бұрын қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне жұмыссыз ретінде есепке тұрдым. Бөлім мамандары және өзім түйіндемемді біршама жерлерге жібердік. Бірақ жасым кеп қалғандықтан жұмыс табу мүмкін болмай отыр. Мына күйіммен күнелтетін ақшасыз қалатын түрім бар. Жұмыссыздарға қандай да болмасын жәрдемақы төлене ме?

Телефон арқылы

– Жұмыссыздарды Жұмыспен қамту орталығы арқылы қандай мамандықтар бойынша оқытады? Оқу кезінде шәкіртақы төлене ме және мұндай курстар қанша уақытқа созылады?

Айнұр

Оқырмандардың сұрағына жауап беруді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бастығы Светлана САБРАСОВАДАН өтінген едік. Оның айтуынша, қазіргі уақытта адам есепте тұрса да оған жұмыссыздық бойынша жәрдемақы төленбейді екен. Зейнеткерлік алдындағы жастағы адамдары жұмысқа орналастыру шынымен де өте күрделі проблема. Мәселені шешудің жалғыз ғана жолы – қоғамдық жұмысқа уақытша орналасу. Оның еңбекақысы 23 мың теңге. Бұдан басқа, әйелді, егер ол қаласа, аспаздар, шаштараздар дайындайтын және т.б. курстарға оқуға жіберуге болады. Оқу кезінде 12 181 теңге шәкіртақы төленеді.

Екінші сұраққа келер болсақ, С.Сабрасова хабарлағандай, Жұмыспен қамту орталығында бүгінде 32 мамандық бойынша оқуға болады: косметолог, тұрба монтаждаушы, электр монтаждаушы, электр-газ дәнекерлеуші, электрик, аргонды-имектеп дәнекерлеуші маман, стропальщик, ағаш ұстасы, тас қалаушы, бетоншы, арматурашы, металл конструкторын жасаушы, 1С бухгалтерлері, AutoCAD мамандары, смета жасаушы, мұнай және газ өндіруші операторлар, автослесарлар, бұрғылаушының көмекшісі, токарь, слесарь-сантехник, КИПиА слесары, құрылыс электр слесары,  химиялық талдаушы лаборант, шаштараз, тігіншілер, аспаздар, кран машинисі (краншы), В және С (3,5 ай), D санатындағы (2,5 ай) жүргізушілер, А және В санатындағы бульдозер машинисі, D санатындағы машинист-экскаваторшы (А және В санатындағы жүргізуші куәлігі болуы керек).

Курстардың ұзақтығы әдетте 3 ай, алайда сәл ұзақ және сәл қысқа мерзімді оқу курстары бар.

- Егер мамандық Жол картасы арқылы қаржыландырылатын болса, онда жұмыссыздар тегін оқып қана қоймай, сабақ кезінде ай сайын 12 181 теңге шәкіртақы да алады. Егер мамандық басқа бағдарлама бойынша, мәселен, жергілікті әкімшіліктің жобалары бойынша қажет болса, онда шәкіртақы тағайындалмайды. Қалалық бюджет тек жұмыссыздардың оқуын ғана төлейді. Алайда бүгінгі күні республика қаржыландыратын Жол картасы бойынша қажет мамандықтардың барлығы дерлік, яғни курста оқушылар шәкіртақы алады. Ал мамандықты таңдауға болады.

– Тек сіздерде тіркелгендер ғана оқи ала ма?

– Жоқ, кез-келген жұмыссыз азамат оқи алады. Егер ол Жұмыспен қамту орталығына тіркелмеген болса, оған халыққа қызмет көрсету орталығына барып, еңбек кітапшасын, егер ол жоқ болса, бітіруші дипломын немесе аттестатын, үй кітабын, ӘЖК, СТН, жеке бас куәлігін ұсынуы керек.

2 маусым 2011, 15:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.