– Біздің Орталық ықшамаудандағы №3 үй көп уақыттан бері апатты деп танылған болатын. Соңғы рет нөсер жауған кезде көше жақ беттегі бөлмелерден су кеткен еді. Біздің үйіміз күрделі жөндеу және термомодернизациялау бағдарламасына енгізілді ме?
Телефон арқылы
Сұраққа «Кенже» ПИК-інің төрайымы Роза ЖЕКСЕНҒАЛИЕВА жауап береді. «Осы бағдарлама бойынша күрделі жөндеу жүргізу үшін несиелік негізде қаржылар бөлінуде. Яғни, оларды кері қайтару қажет болады. Пайдалану шығындары үшін негізгі төлемнен басқа, үй тұрғындары 10 жыл бойына жөндеу үшін қосымша ақшалар төлеуі тиіс. Жалпы жиналыста тұрғындар бұл бағдарламаға қосылуға қарсы болды. Үй қаланың қақ ортасында орналасқан. Бірнеше жыл бұрын апатты деп танылса да оны күреу туралы әңгіме болып жатқан жоқ. ПИК өз тарапынан қалалық билікті осы үйді жөндеу қажеттілігі туралы көз жеткізуге әрекеттенуде».