Жоғалғанына 6 күн болған жеті жасар баланың мүрдесі Мақаттан 20 шақырымдай жерден бүгін шамамен сағат 12-де табылды.
Ақпанның 23-інде сағат 18.00 шамасында Мақаттың Шығыс жақ бетіндегі 8 км жерден, яғни "Жайынбай" учаскесінен малын іздеп жүрген ауыл тұрғыны баланы көрген. Оның қасында иті болған. Айдалада жүрген баланы көріп шақырғанымен ол қашып кеткен. Кейін оны ешкім көрмеген, ал иті үйіне қайтып келген.
Естеріңізге салсақ, 23 ақпанда 7 жастағы бала үйінен 14.30-да шығып кеткен. Анасы полицияға хабарласып, бірден оны іздеуге кірісіп кеткен. Өкінішке орай, оны тірі күйде табуға үлгермеді.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА