Атырау, 18 мамыр 12:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Барохтың Атыраудағы "ізі" анықталды

4 494 просмотра

Атырауда жас балаларды азғындыққа итермеледі деп айыпталған 38 жасар британдық Питер БАРОХТЫҢ әрекеттерінен зардап шеккен жеті жеткіншек табылды.

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ ТОРУЫЛ

Қыздардың ата-аналары сәйкесінше шағым арыздарын жазды, енді оның қылмыстық ісі 13 эпизодтан тұрады.

Естеріңізге салсақ, үстіміздегі жылдың 14 қаңтарында полиция күдіктінің уақытша тұрып жатқан Орал қаласындағы Chagala Groupқонақ үйінде тергеу іс-шараларын өткізді. Оның номерінен алынған ноутбектен, сақтау карталары мен қатты дискіден камелет жасқа толмаған қыздардың жалаңаш суреттері табылды.

Суреттердің бір бөлігін ол жойып үлгеріпті: полицияның номеріне келетінін алтыншы сыныпта оқитын қыз хабарлаған деп жорамалданады, оның анасы қызының ересек ер адаммен әлеуметті желіде күмәнді хат алмасып жүргені жөнінде құқық қорғау органына шағымданған екен. Айғақ заттар алынды. Барохтың өзі кейіннен, 7 ақпанда қамауға алынды. 10 ақпанда Орал қалалық соты тергеушінің оны екі ай мерзімге қамаққа алуды санкциялау туралы өтінішін қанағаттандырды ("Атыраудағы әріптесі: Питер осындай масқара іспен айналысады деп ешқашан ойламаған едім" мақаласын қараңыз).

Тергеу тобы суреттегі материалдарды зерделеу мен зардап шегушілердің кім екенін анықтауға кірісті. Қыздардың бір бөлігі Атыраудікі екендігі анықталды, Барох көп жылдар бойы осы жерде жұмыс жасаған және Оралға жұмыс ауыстырғаннан соң да, қаламызға жиі келіп тұрған. 24 ақпанда оралдық тергеушілер ата-аналардан арыз-шағымдарды жинау үшін Атырауға келді.

- Ата-аналар шошып кетті, мұндай жағдай екі ұйықтаса түстеріне кірмепті. Ешкім өз баласынан мұндайды күтпейді ғой, - деп телефон арқылы  хабарлады Оралдағы құқық қорғау органдарындағы ақпарат көзі.

Осылайша Барохтың ісі тағы 7 эпизодқа өсті. Барлық 13 факт бір қылмыстық істің аясында тергеліп жатыр. Онда әзірге тек Орал мен Атырау қыздарына катысты істер қаралуда, алайда Барох ел ішінде еркін жүрді ғой, Алматыда көп болды. Педофилдің басқа қалаларда құрбандары бар ма екендігін тергеу анықтайды.

- Суреттердің барлығы Қазақстанда жасалды деп сеніммен айта алмаймыз, - дейді ақпарат көзіміз.

- Барлығы қанша қыз зардап шекті?

- Жүзден асуы мүмкін, суреттер өте көп.

- Бұдан ол жасөспірімдерді бейне және фото түсірілімдерге түсірумен көптен айналысады деп қорытынды шығара аламыз ба?

- Білмейміз, әзірге барлық фактілер 2013 жылғы. Адамдардың кім екенін анықтау жұмыстары жүріп жатыр, бир қиындығы - көп суреттерде қыздардың беті жоқ, тек жыныс мүшелері түсірілген.

Полицейлер таратқан ресми хабарламада суреттерді сараптамадан өткізу аяқталған, сарапшылар түсірілімдерді "порнографиялық элементтері бар суреттер" деп таныды. Британдықтың үстінен ҚР ҚК 273-бабы ("Камелетке толмағандардың порнографиялық суреттері бар материалдарды дайындау және айналымға салу") және 124-бабы 3-тармағы ("Бірнеше рет қайталанған балаларды азғындыққа итермелеу") баптары бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір анықталған зардап шегушілердің жасы - 12-ден 17 жасқа дейін. Кейбіреуінің куәлік берулері бойынша, Барох түсіру үшін 5 мыңнан 15 мың теңгеге дейін төлеген.

Шетелдік қыздармен әлеуметтік желі бойынша оңай танысып, жалдап алған.

 

БОСТАНДЫҚ ҮШІН ӘР ТҮРЛІ АЙЛА-ТӘСІЛДЕР

25 ақпанда осы атышулы іске арналып өткен брифингте Батыс Қазақстан облысы ІІД тергеу басқармасы бастығының орынбасары Мағауия ҚҰРМАШЕВ осы порнографиялық өнім таратылғаны анықталуда деп хабарлады. Күдікті мұны күні бүгінге дейін тек жеке мақсаттары үшін жасағанын айтады, алайда басқа да ақпарлар бар.

- Суреттердің кейбірі ҚР аумағы сыртында емес, ел ішінде таратылған деген факт бар. Ол қыздардың суреттерін екі адамға берген, - дейді брифингте М. Құрмашев.

Барохтың үйленгені, екі баласы бар екені белгілі. Полицияда оның соңғы жұмыс орны нақты айтылмайды, тек мамандығы - мұнай компанияларына кеңес беруші екендігі тіркелен. Барохтың бұрынғы ENI Agip-те бірге жасаған жұмыстасы Шыңғыс оның Атырауға 2009 жылы "Қашаған"  жерүсті кешенінің техникалық супервайзері болып келгенін айтты. Ол жобаның ірі операторы және инвесторы Shell-дің өкілі болған.

- Келгеннен 2012 жылдың сәуіріне дейін ол қалада, "Ренессанс" және "Шағала" қонақ үйлерінде тұрды, - дейді Шыңғыс. - Барох томаға-тұйық өмір өмір сүрді, өзіне назар аудартпады, ешкім оның мұндай қылықтары бар екенін сезген де жоқ. Ол әйелдермен кездесуге бармады, тұрақты қарым-қатынас жасаған жоқ, біз оны қызтеке шығар деп те ойлап жүрдік. Біздің жобадағы оның деңгейіндегі менеджерлердің жалақысы қосымша төлемдерді қосқанда бір вахтаға 35-40 мың доллар көлемінде (ол 28х28 әдісімен жұмыс жасады, вахтасы біткенде Лондонға үйіне кететін). Алайда 2012 жылдың мамырында ол күтпеген жерден жұмыстан шығып кетті. Бұл таңғаларлық жағдай еді - шетелдіктер біздің жобадан өз еріктерімен кете қоймайтын. Бұл қылығы енді түсінікті болған сияқты - оны сол кезде Қарабатандағы Самал вахталық қалашығына ауыстырған, ол бұрын қалада тұрып, емін-еркін жүріп-тұрған еді. Жабық қалашықта тұру ол үшін ыңғайсыз болған сияқты, содан кейін ол жобадан кетуді шешті. Оның Қазақстанға қашан қайтып келгенін мен білмеймін. Не де болса, кейіннен оған компаниясы Оралдан жұмыс ұсынған болуы керек.                .

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

27 ақпан 2014, 22:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.