Атырау, 21 желтоқсан 09:51
 ашықВ Атырау 0
$ 523.86
€ 544.34
₽ 5.11

Спорт жаңалықтары

3 312 просмотра

Мықты чемпионат

Қостанайда қоссайысты армрестлингтен ерлер мен әйелдер арасында ҚР чемпионаты өтті.

Жүлделер үшін еліміздің 12 өңірінен 167 атлет сайысқа түсті. Жарыстар іріктеу түрінде өтті – жүлдегерлер маусым айында Токиода болатын Азия чемпионатына баратын ұлттық құрама сапынан орын алды.  

Атырау облысынан жарысқа 11 спортшы қатысты. 60 келіге дейінгі салмақта «СК-Альянс» ЖШС қызметкері Константин Тарабрин 4-орын алды. 70 келіге дейінгі салмақта 2013 жылғы Азия чемпионатының күміс жүлдегері Нұржан Қазиханов («Экспресс Глобал Строй» ЖШС, директоры А. Бүйенбаев) және Азияның екі дүркін чемпионы Мұрат Әбуталиев («Аркада Сталь Пром» ЖШС, директоры В.Гребенюк) қола жүлдегер атанды. Қазақстан чемпионатының деңгейі осындай.

Спортшылар мен олардың жат-тықтырушысыС.Передистый облыстық туризм, дене тәрбиесі және спорт басқармасының басшысы Асан Раушановқа, «Интертек» ЖШС директоры Сирил Бейбриджгеқолдау көрсеткендері үшін алғыс айтады

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

***

Қатардан қалған жоқ

Батыр қала Волгоградта фашистік неміс әскерлерінің Сталинград түбінде жеңілгеніне 71 жыл толуына арналған 67-ші Бүкілресейлік жеңіл атлетика жүгірісі өтті. 

50 және 59 жас аралығындағы жеңіл атлеттердің 10 шақырымдық жүгірісіне Мұнай және газ институтының профессоры Асқар Қазиев, ал 5 шақырымдық жүгіріске АМжГИ-дің 2-курс студенті Айдамир Нәбиев қатысты. Екеуі де мәреге негізгі топпен бірге келіп, мақтау қағаздары және медальдармен марапатталды

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

***

Спорт шебері атанды

Петропавлда кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 25 жыл толуына арналған кикбоксингтен халықаралық турнир өтті.

Бұл жарыстарда 2-БЖСМ командасы сәтті өнер көрсетті. Нұрбай Исабаев (51 келіге дейін) пен Ерболат Оңаев (54 келіге дейін) күміс жүлдегер атанса, Заурбек Салешев (51 келіге дейін), Мирас Майшағыров (54 келіге дейін) жәнеАзамат Мұратов (57 келіге дейін) қола медаль иеленді.

Тағы бір жақсы жаңалық. ҚР спорт істері жөніндегі агенттігі жақында Түркияда болған әлем чемпионатындағы жеңісі үшін атыраулық кикбоксшы Абзал Жүсіповке (суретте) халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын берді. 1-БЖСМ басшылығы және жаттықтырушылары Абзалды осы жетістігімен құттықтап, оған зор денсаулық, алда да үлкен жетістіктерге жете беруін тілейді.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

***

Бапкерді еске алу

«Атырау» ДСК-нде ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушы, жоғары санатты төреші, АМУ дене тәрбиесі кафедрасының доценті Валентина Андрееваны еске алуға арналған

баскетболдан І халықаралық турнир өтті.

Валентина Ильинична қаламызға 1970 жылы жоғары оқу орнын бітіргеннен кейін жолдамамен келді және 40 жылдан астам уақыт бұл жерде баскетболды дамытумен айналысты. Өткен жылдың 23 тамызында қайтыс болды.  

Турнир В.И. Андрееваның 65 жылдық туған күні – 18 ақпанда басталды. Жарысқа «ВИА» (команданы ұстаздарының аты-жөніндегі бастапқы әріптермен атауды қалаған шәкірттері) командасы, «АМУ» (студенттер мен оқытушылар), сондай-ақ, Астрахан, Орал, Ақсай және Ақтөбеден келген ұжымдар қатысты.

Нәтижесінде 1-орынды «ВИА» командасы, 2-орынды «АМУ», 3-орынды «Ахтуба» (Астрахан қ.) командалары алды. Турнирдің үздік ойыншысы - Константин Нефф («Ақтөбе»), ең нәтижелі ойыншы - Максим Лагода («Ахтуба»), үздік орталық ойыншы – Олег Котнаровский («Ақтөбе»), үздік шабуылшы – Тимур Манабаев («АМУ»), үздік қорғаушы - Александр Лысяк («ВИА»).

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ

27 ақпан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.