20 ақпанда «Мұрагер» базарында облыстық ТЖД-нің өрт сөндіру қызметі оқу-жаттығу шарасын өткізді.
Сценарий бойынша өрт 2-қатардағы киім сату бутиктерінің бірінде басталып, жалын ғимарат шатырын шарпыды. Өрт сөндірушілер келгенге дейін базар әкімшілігі қызметкерлер мен саудагерлерді эвакуациялады, алайда сауда орнының түтінге оранған қабатында адамдар қалды. Өртпен күресушілер зардап шегушілерді шығарып, медицина қызметкерлеріне тапсырды.
Жаттығулар шынайылыққа жақындатылған жағдайларда өтті. Барлығы 7 өрт сөндіру көлігі, 2 өрт сөндіру көлік сатылары және жеке құрамның 45 адамы қатысты.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ