Біз осыған дейін табиғат қорғау прокуратурасының мемлекеттік қорға бірнеше жер телімін қайтаруды жоспарлағанын хабарлаған болатынбыз («Прокуратура заңсыз келісімдерді анықтады»). Жақында тағы да осындай заң бұзушылықтың орын алғаны белгілі болды. Алғашында мұны қалалық әкімдікте Бергей Рысқалиевты ауыстырған Сәлімжан Нақпаев қолдағанмен, кейін түзетуге тырысқан.
- Бізге «Мұнайшы» стадионы алдындағы автотұрақ территориясы мен жүзу бассейніне дейінгі стадионның бөлігі жекеменшікке берілгені белгілі болды, -дейді табиғат қорғау прокуроры Қайрат ӨТЕУЛИЕВ. – Тексеру барысында 2006 жылдың сәуірінде «АтырауМультиСервис» ЖШС директорының сол кездегі қала әкімі Бергей Рысқалиевтың атына спорттық нысан құрылысы үшін жер телімін беруді сұраған хат жазғаны анықталды. 2006 жылдың қыркүйегінде ЖШС ниетімен мемлекеттік құрылымдармен келіскен, сол жылдың 20 қарашасында жаңа қала әкімі Сәлімжан НАҚПАЕВТЫҢ шешімімен кадастрлық құны бойынша 13,6 млн теңгеге жер учаскесін алған. Солай бола тұра, жер телімін бөлу туралы «Мұнайшы» «Спортық кешені» МҚКҚ директоры Эдуард ХИСМЕТУЛЛИН мен қалалық спорт бөлімінің басшысы Геннадий ХОННЫҢ жазбаша келісімін қалалық әкімдік қазанда - болашақ иегердің «бегуногы» дайын болған кезде алған.
2008 жылы қала әкімі С. Нақпаев аталған жер телімін «мемлекет мүддесі үшін» мемлекеттік меншікке қайтару туралы шешімге қол қояды. Бірақ бұл шешім орындалмаған. «АтырауМультиСервис» ЖШС, шын мәнінде, әлі күнге дейін осы жердің иегері. Сонымен қатар ол жоғарыда аталған ЖШС-ге берілген несиенің кепілдігі ретінде банкте тұр.
Қ.Өтеулиевтің айтуынша, материалдар қаржы полициясына жолданды.
Тамара СУХОМЛИНОВА