Атырау, 26 қараша 20:15
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

«Астанада неге бәрі жақсы, ал біздер тоқтап тұрмыз?»

1 380 просмотра

24 ақпанда облыстық әкімдікте тұрғын үйлерді терможаңғырту бойынша штабтың кезекті отырысы өтті.

«Атырау» ӘКК және «Атырау қаласы тұрғын үйлеріне коммуналдық қызмет көрсету» ЖШС жөндеуге бөлінген қаржыны қайтару бойынша жасаған жұмыстарынан есеп берді: көрсетілген бағдарлама операторларының біріншісі 28 пәтер иесін сотқа берсе, екіншісі 54-ін берген. Бұрын хабарлағанымыздай Терможаңғырту: басынан-ақ қателік кеткен»), 2011-2012 жылдары облыста терможаңғырту бағдарламасы бойынша 45 тұрғын үйге жалпы сомасы 1 млрд 376 млн теңгеге күрделі жөндеу жүргізілген.

Штаб төрағасы, облыс әкімінің орынбасары Сәлімжан НАҚПАЕВ жұмысты белсендірек жүргізуге шақырды. Оның айтуынша, ақпан айында жөнделген үйлердің тұрғындары қазынаға 154 млн теңге қайтару керек еді, олар 39,3 млн теңге қайтарды. Тұрғындарды жөндеуге жұмсалған ақшаны қайтару бойынша шарттар жасасуға көндіру үшін сотқа берілген жеті шағым кері қайтарылды – Азаматтық кодекс бойынша шарт ерікті түрде жасалуы керек.

Сонымен қатар, терможаң-ғырту бағдарламасы бойынша тұрғындар төлеген қаражат кері жұмыс жасап, басқа жөндеуді қажет ететін үйлерге бағытталуы керек.

- Біз Құлсары қаласындағы, Индер мен Мақат кенттеріндегі жөндеуді қажет ететін үйлердің тізімін дайындадық. Егер атыраулықтар ақшаны қайтармаса, ол жерлерде жөндеу жүрмей қалады, - дейді С. Нақпаев. – Кәсіпорындар мен ұйымдар басшыларын ұжым арасында түсінік жұмыстарын жүргізуге көндірейік. Амантай (қала әкімінің орынбасары А. Айтбаев – М.С.), қала әкімі аппараты басшысында 2011 жылғы сайлаудан кейін сайлаушылардың кім, қайда жұмыс жасайтыны жөнінде ақпараттар сақталуы керек. Осы тізімді бағдарлама операторына беріңіздер, олар тізімнен төлемей жүрген адамдарды тауып, жұмыс жасайтын кәсіпорындарының басшыларына жіберсін. Біз 90-жылдары коммуналдық қызметке ақша төлемейтін адамдармен осылайша күрескенбіз. Неге Алматы мен Астанада бәрі жақсы жүреді, ал біз тұрып қалдық? Операторлардың өкілдері тұрғындардың пәтерлерін аралап, жүзбе-жүз сөйлесіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізсін.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ  

27 ақпан 2014, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.