Табиғат қорғау прокуратурасы берген шағым бойынша 2012 жылы Үндістан азаматына мейрамхана мен қонақ үй салу үшін сатылған ауданы 1 439 шаршы метр жер телімін мемлекеттік қорға қайтару жөнінде сот шешімі шықты.
Естеріңізге салсақ, өткен жылы «Орал» мейрамханасының жанындағы жер телімі шетелдікке небары 3 млн теңгеге көптеген заң бұзушылықтармен сатылғаны белгілі болды. Қамауға алынбастан бұрын Атырау қаласының әкімі Асқар КЕРІМОВ салалық ұйымдардың, соның ішінде, су ресурстарын пайдалану және қорғауды реттеу инспекциясының келісімін алмай-ақ жер бөлуге қаулы шығарған. Бөлінген телімнің шекарасына сәйкес, құрылысты өзеннен небары 13 метр жерден салу жоспарланған, ал қоршау жағалау белдеуімен жапсарлата салынған («Астыртын әрекет іске аспады»).
Тамара СУХОМЛИНОВА