Өткен жылы жер қатынастары саласында құқық бұзу саны 2012 жылмен салыстырғанда 4,5 есе артты. Ең кең тараған заң бұзушылықтар су қоры және жалпы қолданыс жерлерінен телімдер беру болып табылады.
Бұл ақпарат облыс әкімі Бақтықожа ІЗМҰХАМБЕТОВ, облыстық соттың төрағасы Мұхтар СМАҒҰЛОВ, жергілікті және өкілетті органдар басшылары қатысқан облыстық прокуратураның алқа кеңесінде айтылды.
Атырауоблысында 2 500-ден аса игерілмеген жер телімдері анықталды. Прокурорлық әсер ету актілері бойынша мемлекет меншігіне жалпы сомасы 702 189 987 теңге тұратын, ауданы 8 470 га 293 жер телімі қайтарылды. Қаржы полициясына процестік шешім қабылдауға үш материал жіберілді.
Осы сияқты жер дауларын талқылау барысында басқа да қызықты фактілер талқыланған шығар, алайда біз бұдан бейхабармыз: шақырылған БАҚ өкілдерін соңғы сәтте ішке кіргізбей, баспасөз хабарламасын қолымызға ұстатып шығарып салды.
Зульфия ИСКАЛИЕВА