Атырау, 18 мамыр 12:41
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +20
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Прокурорлар қылмыспен жаңаша күресуді ұсынады

1 960 просмотра

Атырау облысы прокурорының орынбасары Серік ШАЛАБАЕВ табиғат қорғау прокуратурасының браконьерлікпен күресте заманауи әдістерді қолдану бастамасын әрі дамытып алып кетті. 

Облыс пркуратурасының үйлестіру кеңесінде ол басқа жұмыстармен бірге арнайы сайт жасауды ұсынды:

Әлеуметтік желілерде рубрика ашайық, ол жерге браконьерлік, балықты заңсыз тасымалдау мен сату фактілерін көрген адамдар бейнежазбаларын сала алатын болсын. Бұған көп шығын кетпейді: бейнесюжеттерді салуға мүмкіндік беретін интернет-ресурс жасау және сыйлық қорын жинақтау (ұялы телефондар, ноутбуктер). Ал нәтижесі өте жақсы болуы мүмкін.

Естеріңізге салсақ, бір ай бұрын табиғат қорғау прокуроры Қайрат ӨТЕУЛИЕВТЫҢ өкімімен табиғат қорғау прокуратурасының, су полициясының, балық қорғау инспекциясы мен «Ақжайық» резерватының тәжірибелі қызметкерлерінен шұғыл топ құрылған болатын Браконьер байкерлер және прокуратура»). Топ өз жұмысын «Жайық – көлік жолы емес» акциясынан бастады. Оның барысында қазірдің өзінде 30-дан астам браконьер мотоциклдері тәркіленіп, арнайы тұраққа қойылды.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

24 ақпан 2014, 17:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.