«АЖ» фототілшісі 20 ақпан күні «Арнаулыавтобаза» қызметкерлерінің қызық әрі «пайдалы» іспен шұғылданып жатқандарының куәгері болды.
Сарғылт кеуде киген бірнеше адам орталық көпірдегі лай балшықты арбаға жинап, кейін олардың біреуі оны көпірдің облыстық қазынашылық басқармасы жағындағы тұсына төгіп жатты. Арнаулыавтобаза басшылығынан бұл факті туралы түсінік беруін сұраған едік. Ондағылар қатты таң қалып, ондай болуы мүмкін еместігін айтты. Қалай мүмкін емес?..
Тамара СУХОМЛИНОВА
Суретті түсірген Қанат ЕЛЕУОВ