Атырау, 5 мамыр 01:54
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +12
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Барлық жаңалықтар

Мүрдехана қызметі де ақылы Қоғам

Мүрдехана қызметі де ақылы

Мақаттықтар өлген адамның денесін кері алу үшін сот медициналық сараптама орталығының Атыраудағы филиалы ақша талап еткеніне шағымданады. Алайда филиал басшысы бұл әңгімені жоққа шығарып отыр. Көңілсіз әңгіме әрине. Бірақ бұл  ерте ме, кеш пе өзекті жан атаулының басына келетін жай болған соң елеусіз қалдырғымыз келмеді. Өйткені  жақыныңды жерлеу – оның отбасы үшін онсыз да   үлкен орыны толмас қайғы және қаржылық шығын екені белгілі. 20 қаңтар 2011, 00:00 5 408 просмотра
Оқиға

Қашуға күйзеліс түрткі болған

17-қаңтарда, Атыраудағы тергеу изоляторындағы төтенше оқиғадан кейін редакцияға жолдары болмаған қашқындардың бірі Дмитрий БАКИРОВТІҢ анасы мен жұбайы хабарласты. Олар оған тағылып отырған қылмыс бойынша істің жағдайын әңгімелеп берді. 20 қаңтар 2011, 00:00 3 502 просмотра
Мұсылман зираттарын қорлаған кімдер? Оқиға

Мұсылман зираттарын қорлаған кімдер?

Өткен демалыс күндері белгісіз біреулер орталық мұсылмандар зиратындағы он бес бейітті қорлаған. Зират қызметкерлері мұны 15-ші қаңтарда байқапты. Бұзақылар қатар жатқан бейіттердегі марқұмдардың бейнелері салынып, аты-жөндері жазылған мәрмар тақталарын қиратып тастаған. Бәрін бірдей емес, іріктегендей зират жақтан бағдарлағанда орталық ауыздың оң жағындағы бейіттерді талқандапты. Тақталардың беткі жағына әлдебір қызыл сұйықтық жағып тастаған. Қылмыс болған жерге полиция қызметкерлері келіп, саусақ таңбаларын алып, суретке түсіріп алды. 20 қаңтар 2011, 00:00 12 574 просмотра
Басқа жаңалықтар

Жаулин білім басқармасына басшы болды

Қала әкімінің өкімімен әлеуметтік мәселелер жөніндегі қала әкімінің орынбасары болып бұрын гуманитарлық колледждің директоры және облыстық «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары боп жұмыс істеген, 1976 жылы туылған  ҚАРАБАЕВА Айжан Сәрсенқызы тағайындалды. 20 қаңтар 2011, 00:00 4 761 просмотра
Басқа жаңалықтар

Сәби «Нивамен» бірге суға батты

19-шы қаңтарға қараған түні «Нива» автокөлігі мұз астына түсіп кеткен. 6 жасар сәби көз жұмып, ал ересектер аман қалған. Атырау облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің судан құтқару қызметінің бастығы Ершат ҚИБАШЕВТЫҢ хабарлауынша, қайғылы оқиға Мечников-Баймұханов көпірінің маңында орын алған.  20 қаңтар 2011, 00:00 3 132 просмотра
Күй шебері Құралбек домбыраны аяғымен де тартады Мәдениет

Күй шебері Құралбек домбыраны аяғымен де тартады

Басқа‑басқа башаймен де күй тартатын Құралбек деген жігіт Қызылқоға ауданы Тасшағыл селосында тұрады дегенде елең еткенім бар. Күй десе делебесі қозбайтын қазақ бар ма!? Құралбекті әдейі ат арытып іздеп бардым. 20 қаңтар 2011, 00:00 8 430 просмотра
Қоғам

«Атырау-Жарық» АҚ: «Маржан» сән үйі кінәлі емес, кінә - үйдің жарық желілерінде болуы керек

Естеріңізде болса, газетіміздің өткен нөмірінде біз Сәтбаев көшесіндегі №5 үйдің 9-подъезіндегі пәтерлерге су келіп тұрған краннан ток тартып тұрғандығы жөнінде жазған болатынбыз («Жайық самалы», №2, 13-қаңтар, «Сәтбаев көшесіндегі №5 үй тұрғындарына қауіп төніп тұр»). 20 қаңтар 2011, 00:00 4 402 просмотра
Экология

МАХАМБЕТ ХӘКІМОВ:КАСПИЙДІ АПАТТАН СОҢ ЕМЕС, ОҒАН ДЕЙІН ҚҰТҚАРАЙЫҚ!»

Өткен аптада «Каспий табиғаты» қоғамдық ұйымы әдеттегідей жылдық есеп беру жиылысн өткізді. Шынын айту керек, бұл аймақтағы ешкімнен грант алмайтын және сұрамайтын да жалғыз тәуелсіз ұйым. Сонда  ол кім үшін есеп беріп жатыр? Шамасы бұл экологтың аймақ тұрғындары бастарына төніп тұрған экологиялық ахуалдан үнемі хабардар болсын деген пиғылынан туған болар деп топшылаймын. 20 қаңтар 2011, 00:00 3 691 просмотра
«Атыраудың» бас бапкері Рамиз Мамедов: «Мен нәсіліне қарамаймын» Спорт

«Атыраудың» бас бапкері Рамиз Мамедов: «Мен нәсіліне қарамаймын»

Әзірбайжандық маман Рамиз МАМЕДОВТЫҢ қолына  «Атырау» футбол клубының тізгіні тиер-тиместен, жағымсыз даудың ортасында қалып үлгерді. Таяуда әзірбайжандық сайттардың (www.azerifootball.com) бірінде бапкер Мамедовтың: «Егер мен «Атырауда» жұмыс жасайтын болсам, бұл жерде армяндар болмайтын болады» деген мәлімдемесі бар мақаланы жариялаған еді. Әңгіме өткен маусымда «Атырау» құрамына алынған армяндық шабуылшы Тигран  КАРАБАХЦЯН туралы   болды. 20 қаңтар 2011, 00:00 3 764 просмотра
Қоғам

Жатақхана тұрғындары енді уәдеге сенбейді

Бірнеше жылдан бері апатты деп танылған Говоров көшесі, 12-үй мекен-жайындағы бұрынғы жатақхананың тұрғындары үйлері күреледі деп күтуде. Атыраудағы көптеген апатты үйлердің тұрғындары да осы жағдайды бастан кешіруде. Алайда осы үйдің тұрғындардына билік жаңа баспана береміз деп әлденеше рет уәде беріп, нақты мерзімдер белгілеген болатын. Уәде етілген мерзімдер өтіп кетті, алайда жаңа пәтерлер әлі жоқ.   19 қаңтар 2011, 00:00 3 201 просмотра
Басқа жаңалықтар

Қала жолдарын жөндеу: бүкіл тізімді жарияласаңыздар

Облыстық әкімдікте 2011 жылғы көлік жолдары құрылысының жоспарлары талқыға салынды. Цифрларды жолаушылар тасымалы және көлік жолдары басқармасының бастығы Ахмед АХМЕДОВ жариялады. Ол  Мақаттағы, Индербордағы, Махамбеттегі, Аққыстаудағы, Тұщықұдықтағы, Ганюшкиндегі, Қызылқоға ауданының селоларындағы поселкеішілік және селоішілік жолдарды жөндеу жұмыстары жалғасып жатқанын хабарлады. 19 қаңтар 2011, 00:00 4 874 просмотра
Мәдениет

Кітапханада заң туралы жүйе бар

Ғ.Сланов атындағы облыстық кітапханада құқықтық ақпарат орталығы жұмыс істейді. Кез-келген оқырман бұл жерден «Параграф» және «Заң-Закон» деп аталатын ақпараттық жүйелерден өздеріне қажетті материалдарды тегін ала алады. 19 қаңтар 2011, 00:00 4 123 просмотра
Қоғам

Сақтандырудың бірыңғай бланкісі енгізілді

Биылғы жылдың 1-ші қаңтарынан бастап көлік құралы қожайындарының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру жөніндегі полистің бірыңғай бланкісі енгізілді. Бұл жаңалық туралы біз «НСК» сақтандыру компаниясының Атырау филиалының директоры Михаил КОРНЕВТЕН әңгімелеп беруді өтінген едік. 19 қаңтар 2011, 00:00 3 026 просмотра
Ит ату да бір кәсіп Басқа жаңалықтар

Ит ату да бір кәсіп

Дәл қасымнан құлақ тұндырар оқ атылған кезде жүрегім  зырқ ете түсті. Ағаш бастарында қонақтап отырған құстар дүр етіп ұшып кетті. Оқ атылған кезде қыңсылаған дыбыс қатар шыққан еді. Ғимараттың бұрышынан айналып барып, жерде жарақатын ауырсына дәрменсіз қимылдап жатқан сарғыш жүнді итті көрдім. Сұмдық көрініс еді. Мен көзімді тарс жұмып алған едім. «Көзіңізді ашыңыз, ит өліп қалды, - деді бес секундтай уақыт өткеннен кейін аңшылардың бірі. – Сәлеметсіз бе! Мен – Юриймін. Юрий Ким». 19 қаңтар 2011, 00:00 10 305 просмотра
Сақталған картоп қоймадан шығарылды Экономика

Сақталған картоп қоймадан шығарылды

Жаңа жылдан кейін картоп Қазақстанның барлық аймағында күрт қымбаттап кетті. Жаңа жыл қарсаңында «екінші нанның» келісі 150 теңгеге дейін көтерілді. Бұл жаппай салат дайындауға байланысты сұраныс көбейгендіктен базарда орын алатын әдеттегі құбылыс деп қабылданған болатын. Алайда картоп Рождестводан кейін де арзандаған жоқ. Сөйтсе, «картоп дағдарысы» республикалық ауқымда жүріп жатыр екен. 19 қаңтар 2011, 00:00 4 209 просмотра
Махамбет сусыз қалды Қоғам

Махамбет сусыз қалды

Махамбет селосы Жайықтың тап іргесінде орналасқанымен ауыз суға мұқтаждық сол күйінде қалып қойған. Біз селоны аралап шықтық. Көзге шалынған су тарататын колонканың бойында ылғал жоқ. Айналасын мұз басқан. Су мұқтаждығы селода қалып қойғанымен мұз айдынын жасаған биліктегілердің қаракеті тым күлкілі көрінді. 19 қаңтар 2011, 00:00 3 652 просмотра