Атырау, 26 сәуір 15:47
 ашықВ Атырау +23
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

«Атыраудың» бас бапкері Рамиз Мамедов: «Мен нәсіліне қарамаймын»

3 760 просмотра

Әзірбайжандық маман Рамиз МАМЕДОВТЫҢ қолына  «Атырау» футбол клубының тізгіні тиер-тиместен, жағымсыз даудың ортасында қалып үлгерді.

Таяуда әзірбайжандық сайттардың (www.azerifootball.com) бірінде бапкер Мамедовтың: «Егер мен «Атырауда» жұмыс жасайтын болсам, бұл жерде армяндар болмайтын болады» деген мәлімдемесі бар мақаланы жариялаған еді. Әңгіме өткен маусымда «Атырау» құрамына алынған армяндық шабуылшы Тигран  КАРАБАХЦЯН туралы   болды.

Мұндай мақаланың «Атырау» жанкүйерлері арасында қандай толқу туғызғанын айтудың өзі артықтау болар, тіпті олар өздерінің (westside.kz) сайтында үндеулерін жариялады. «Біз, «Атырау» футбол клубының жанкүйерлері Мамедовтың есіне Қазақстанның 100-ден  аса ұлт өкілдері бірлік пен достықта, келісімде тұрып жатқан көп ұлтты мемлекет екендігін саламыз. Біздің командада қашанда қазақтар мен орыстар, әзірбайжандар, шешендер, украиндар мен басқа ұлт өкілдері қоян-қолтық ойнады» делінген бұл үндеуде. 

Атырау жанкүйерлері үшін ойыншының ұлтының кім екендігі маңызды еместігі түсінікті болды (әрине, олар өздерінің клубында Гурьев-Атыраудан шыққан қазақтар мен орыстардың, кәрістердің, әзірбайжандар мен армяндардың болғанын қалайды ғой). Олар біздің еліміздің аумағына басқа аймақтарда өршіп отырған жанжалдардың келуіне қарсы. Бізде қазақстандық заңдар мен дәстүр және достықтың тарихи үрдісі бар.

Ақпарат шыққан күні-ақ Рамиз Мамедовтың назарына ілікті, ол 13 қаңтар күні басқа бір әзірбайжандық спорттық сайтта (ExtraTime.az) бұл айтылғандарды теріске шығарды.

«Бұның бәрі жалған. Мен мұндай ақпараттың қайдан алынғанын және оны кімнің ойлап тапқанын  білмеймін. Бірақ, ол айтылғандар шындыққа жанаспайды. Әлдебіреулердің менің атымды қазақстандық спорт жұртшылығының алдында масқаралау үшін әдейі ұйымдастып отыр деп санаймын. ¤здеріңіз түсінесіздер ғой, мен «Атыраудағы» жаңа адаммын. Бұл жердегі құрылымдар, ойыншылар, мамандар қазір біздерді жақсы білуге, адамдық қасиеттерімізмен танысуға тырысады. Сондықтан да бұндай ақпарат менің абырой-беделіме нұқсан келтіретіні анық. Мен команданы қабылдаған кезде онда ешқандай да Карабахцян деген болған жоқ. Ол мен  «Атырау» командасына келгенге дейін кетіп қалған. Мен онымен таныс емеспін, сондықтанда мен әңгіменің кім туралы болып отырғанын білмеймін,-деп мәлімдеді жаттықтырушы.  –Ешкімді де ұлтына бөлмеймін. Егер жақсы футболшы болса, тіпті, ол мейлі, армян болсын, менің сенімімнен шығатын болса, келе берсін. Біз оны жиындарға қатыстырып, достық матчтарда сынап көруге дайынбыз».

Ал, 14 қаңтарда клубтың ресми сайтында (www.fcatyrau.kz) осы мәселеге қатысты ресми баспасөз релизі пайда болды. Келтіре кетелік: «Атырау» ФК тек Атырауда ғана емес бүткіл Қазақстанда жұртшылықтың теріс пікірін туғызған www.azerifootball.com сайтының журналистерінің әрекетін бірден қаралай жөнелді.

Жарияланған мақалада «Атырау» командасының бас бапкері Рамиз Мамедовпен болған әңгіменің мазмұны шын мәнінде бұрмаланған. Әзірбайжан журналисінің тікелей Т.Карабахцян тағдырына қатысты сұрағына жауап бере отырып, Р.Мамедов ол ойыншының бірде бір рет ойын алаңына шықпағандығын, өйткені ол өз ойынымен бас бапкер К.Аймановтың көңілінен шыға алмағандығын түсіндірді. Дәл осы себептерге орай клуб басшылығы ол футболшымен келісім-шартты бұзған.

«Атырау» ФК басшылығы өздерінің көңілдерінің қалғандығын білдіреді және қазақстандық спорт жұршылығынан, сондай-ақ, барлық  жанкүйерлерден кешірім сұрайды.

Айта кету керек, команда құрылғалы бері Атыраудың намысын түрлі ұлт өкілдерінен құралған спортшылар қорғап келді және клуб өзінің құрамының көп ұлттылығымен ерекшеленетін».

Бұдан басқа, клуб заңгері Еділ ¦зақбайдың қолы қойылған қосымша ақпаратта жазылғандай: « www.azerifootball.com сайтының бас редекторы Эркин Ибрагимов мырзамен болған келіссөздер нәтижесінде жұртшылықтың теріс пікірін туғызған мақалаға қатысты мынадай жайттар анықталды. Белгілі болғанындай бұл ақпарат жергілікті футбол газетініне сілтеме жасай отырып жарияланған болып шықты.

Э.Ибрагимов мырза «Атырау» ФК үндеуіне өзінің разылығын білдірді және былай деп түсінік берді: «Рамиз Мамедов өзі командаға келген кезде «Атырауда» Карабахцянның болмағандығын және онымен таныстығының жоқ екендігін айтты. Әзірбайжан тілінде шығатын футбол газетінде: «Бұл ойыншы «Атырауда» болмайды деген сөз  «Атырауда» армян болмайды» деген сөзге айналып кеткен.

Сайт редакторы да «Атырау» ФК бапкерінің сөзін журналистердің дұрыс мәлімдемегендігін айта кетті. Бүгінде команда Түркияда оқу-жаттығу жиындарын аяқтайды. Тирандық «Динамомен» өтетін өзінің бірінші жолдастық матчында «Атырау» 0:1 есебімен жеңіліп қалған болатын. Тағы бір кездесу 16 қаңтарда әзірбайжандық «Хазар-Лянкаранмен» болды, ойын Мамедов командасының 2:1 жеңісімен аяқталды.

Команда 70 пайызға дейін жинақталды. Жаттықтырушылық штабта сондай-ақ, Мамедовтың отандастары- Эльхан Абдуллаев пен Мехман Бахышов бар.

Лев ГУЗИКОВ

20 қаңтар 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.