Атырау, 6 мамыр 16:42
 ашықВ Атырау +14
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

Шыңжаң-Ұйғыр ауданы Қазақстан мен Қытай арасындағы «алтын көпірге» айналды – Ерлан Қошанов

506 просмотра
Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов Қытай Халық Республикасына ресми сапары аясында Үрімжіге келіп, Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданы Қытай коммунистік партия комитетінің хатшысы Ма Синжуймен кездесті, деп хабарлайды Azattyq Ruhy мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Дереккөзіне сүйенсек, олар екі жақты ынтымақтастықтың, соның ішінде өңіраралық ынтымақтастықтың жай-күйі мен келешегін талқылады. Сонымен қатар, кездесуде сауда-экономикалық саладағы ынтымақтастық мәселелері де қозғалды.

"Былтыр Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында болды. Одан кейін Сіз Қазақстанға жұмыс сапарымен келдіңіз. Бұл оқиғалар Шыңжаң мен Қазақстанның шығыс облыстары арасындағы өңіраралық байланыстарға тың серпін берді. 1783 шақырымға созылған ортақ шекарамыз бар. Оған қоса, осы Шыңжаң аумағында біздің 1,6 миллионнан астам қандасымыз, қазақ бауырымыз тұрады. Олар Қазақстан мен Қытай арасындағы «алтын көпірге» айналды", – деді Ерлан Қошанов.

Мәжіліс төрағасы Шыңжаң Қазақстан үшін достас Қытайға жол ашатынын және бұл оның екі ел арасындағы мәңгілік жан-жақты стратегиялық әріптестікті нығайтудағы рөлін көрсететінін атап өтті.

"Қазақстанның Қытаймен сауда-саттығының жартысынан астамы Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданына тиесілі. Өсу қарқыны көңіл қуантады. Бұған былтыр қараша айында енгізілген визасыз режим оң әсер еткені сөзсіз. Жақында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен Үрімжі қаласында QazTrade сауда өкілдігі ашылады. Оның қызметі екі ел арасында іскерлік байланыстарды нығайтуға бағытталады", – деді Ерлан Қошанов.

Тараптар Қазақстан аумағында электронды сауданы дамыту үшін бірлескен өңірлік қойма инфрақұрылымын құру идеясын да талқылады. Сондай-ақ көлік-логистика, ауыл шаруашылығы, трансшекаралық су ресурстары және туризм салаларындағы ынтымақтастық мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Өз кезегінде Ма Синьжуй хабарлағандай, «Аягөз-Тачэн» үшінші теміржол шекара өткелінің құрылысы басталады.

«2029 жылға қарай Қазақстан экономикасының өсуі қарапайым азаматтардың өміріне екі есе оң әсер етері сөзсіз. Бұл жерде Қытай мен Қазақстанның әлеуеті байланысты және бір-бірін толықтыратыны маңызды. Біздің энергетика, ауылшаруашылығы, гуманитарлық салада болашағымыз зор, - деді Ма Синьжуй.

Мәжіліс делегациясы сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын Қытайдағы ең ірі кәсіпорын - «Xinjiang Xinyan» компаниясының қызметімен танысты.

 


26 сәуір, 14:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.