Атырау, 19 мамыр 08:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Михаил Ломтадзе әлемдік деңгейдегі балалар футбол академиясын құрады

573 просмотра

Ағылшын футбол Лигасының келісімін алғаннан кейін Михаил Ломтадзе «Уиком Уондерерс» (Wycombe Wanderers) ағылшын футбол клубының директорлар кеңесінің мүшесі әрі серіктесі болды, оның негізінде 3 жылдың ішінде Қазақстан мен Англияда филиалдары бар әлемдік деңгейдегі футбол академиясы құрылады. Қазақстандағы инвестициялардың жалпы мөлшері 10 миллиард теңгеден асып жығылады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Михаил былайша түсіндіріп өтті:

«Қазақстан мен Англияда әлемдік деңгейдегі кәсіби балалар футбол академиясын құру менің жеке үлкен арманым еді, онда ең үздік әрі талантты жас футболшылар мен болашақ жұлдыздар тәрбиеленеді. Академияда оқу толығымен тегін болады, жас спортшылар еліміздегі және футболдың отаны — Англиядағы ең үздік жаттықтырушылардан оқып-үйренуге мүмкіндік алады. 
Футбол — бұл спорттық шеберлікті шыңдауға зор әлеуеті бар бұқаралық ойын-сауық спорт түрі және көптеген елдерде зор мақтаныш көзі. Біздің футболды заманауи технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдана отырып, инновациялық бизнес құрудағы менің тәжірибемді пайдаланып, жаңа деңгейге көтеруге болатынына сенімдімін. Біз қазақстандық футбол үшін әлемдік деңгейдегі жұлдыздарды тәрбиелей аламыз деп үміттенемін.
Кез келген футбол академиясы оқушыларының арманы — футбол клубының негізгі құрамында ойнау. Сондықтан футбол клубы жоқ академияның табысқа жетуге мүмкіндігі де жоқ. Қарапайым тілмен айтқанда, сіз академияда жаттығып, икем-дағдыларыңызды жетілдіресіз, ал клубтың негізгі құрамында ойнауға мүмкіндік жоқ. Мен оны өзгертуді жоспарлап отырмын, өйткені клуб түлектерімізге мүмкіндік беруді көздейді, олар үшін үлкен футболға жол ашатын орын болмақ».
6 мамыр, 14:59

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.