Атырау, 19 мамыр 11:39
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +21
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Индер ауданында қауіпті аймақтарда 33 жүкті ана бар

576 просмотра
Бейнежазбадан алынған скриншот

Қазіргі уақытта жеңілденетін күні жақындаған бір ана Атырау қаласына жіберілген, деп хабарлайды Атырау облысының ТЖ жөніндегі жедел штабы.

Мамыр айында босануы күтіліп отырған Жарсуатта 9, Құрылыста 4 жүкті ана бар.

"Индер ауданы бойынша 258  жүкті ана есепте тұр. Оның ішінде, Жарсуат, Құрылыс ауылдарында 33  жүкті ана бар. Қазіргі уақытта үшінші триместрдегі жүкті аналарды ерекше бақылауға алып отырмыз. Тасқын қауіпі төнген жағдайда күні жақындаған аналар орталық ауруханаға эвакуацияланады. Бұдан бөлек, үй жағдайында  ем алып, төсек тартып жатқан науқастар шұғыл эвакуацияланып, аудандық орталық аурухана мамандарының күтіміне алынады" , -деді Индер аудандық ауруханасының директоры Анаргүл Доспаева.

Сондай ақ, Индер ауданы бойынша эвамедициналық бригадалар құрылып жатыр.

6 мамыр, 15:13

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.