Атырау, 6 мамыр 17:50
 ашықВ Атырау +9
$ 441.66
€ 475.14
₽ 4.86

​Алматы облысында жасырын зертхананың жұмысы тоқтатылды

543 просмотра

17 сәуірде ҰҚК Алматы облысы бойынша департаменті психотроптық заттар өндіретін жасырын зертхана әрекетінің жолын кесті, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.

Тінту барысында шамамен 35 кг синтетикалық есірткі, 500 литр прекурсорлар жәнезертханалық жабдық алынды.

Осы қылмысты жасады деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды.

Қылмыстық кодекстің 297-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Ұсталған адамға қатысты сот санкциясымен қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабы 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

 

26 сәуір, 15:17

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.