Атырау, 26 сәуір 10:55
 ашықВ Атырау +28
$ 444.22
€ 476.38
₽ 4.82

МАХАМБЕТ ХӘКІМОВ:КАСПИЙДІ АПАТТАН СОҢ ЕМЕС, ОҒАН ДЕЙІН ҚҰТҚАРАЙЫҚ!»

3 686 просмотра

Өткен аптада «Каспий табиғаты» қоғамдық ұйымы әдеттегідей жылдық есеп беру жиылысн өткізді. Шынын айту керек, бұл аймақтағы ешкімнен грант алмайтын және сұрамайтын да жалғыз тәуелсіз ұйым. Сонда  ол кім үшін есеп беріп жатыр? Шамасы бұл экологтың аймақ тұрғындары бастарына төніп тұрған экологиялық ахуалдан үнемі хабардар болсын деген пиғылынан туған болар деп топшылаймын.

Бұл заңды сауалды «Каспий табиғаты» қоғамдық ұйымы жетекшісі Махамбет ХӘКІМОВКЕ қоюым заңды болған тәрізді.

- Мен өзімнің әріптестеріме сендер айқындық  бастамасын көтерген соң өздерің де ашық болуларың керек деген талап қоямын. Содан соң да осындай есеп берулер өткіземін,-дейді эколог.

Айқындық бастамасы демекші өндіруші компаниялардың ашықтылығын қамтамасыз етуге шақырған халықаралық бұл идея бізде тек валидация, яғни «мұнайдан қанша ақша түседі» деген шолақ талаптың төңірегінде қалып қойды деп санайды эколог. Ал біз көтерген әлеуметтік, экология проблемалары тасада қалып, артынан оны орталық жақтан басқа біреулер өз ұсыныстары ретінде қайта  көтерген жайттар бар.

Қазір ертеңі қыл үстінде тұрған Ақжайық резерватының тағдырына да алғашқы болып ара түскен осы «Каспий табиғаты». Мұнай қалдықтарын жинау базасын (СКЭБР) Ақ жайық қорығынан салуға қарсылық білдіргенде Экология министрлігі М.Хәкімовке  ресми келісім ретінде  экологиялық қатерлерге сараптама жасап, өткізуді ұсынған еді.

- Мен бұл сараптаманы былтырғы қарашаның 22-сінде тапсырған болатынмын. Онда СКЭБР салуға басқа альтернативті орын ұсынылып, оның себептері жан-жақты баяндалған-ды,-деп еске алады эколог.

- Былтырғы жылы сіз Каспий жөніндегі кеңес құру туралы  ұсыныс жасап жүргеніңіз есімізде.

- Дұрыс айтасыз, «Каспий табиғаты» ұйымы Каспий кеңесі жөніндегі ережелерді жасап, оны қарауға облыстық әкімшілікке берген болатын. Бірақ содан бері жауап жоқ. Тіпті бұл ой былтыр тамыздағы облыс активінде де қозғалған. Тым-тырыс.

М.Хәкімовтың айтуынша Каспий жөніндегі кеңес құруды ол алдымен халықаралық беделді ұйымдарға ұсынған екен. Осы мәселе жөніндегі АҚШ-тың Ашық Қоғам Институымен әңгіме болған, одан да қолдау таппады.

-  Олар менен сонда бұл кеңес немен айналысады деп сұраған еді. Мен осы табиғи аймақта  жұмыс жасап жатқан компаниялар есебінен сақтандырумен деп жауап бергенмін. Мысалға Аляскадағы жағдайды алып, Каспийді апаттан соң емес, оған дейін құтқарайық дегенді айттым. Бірақ олар да үнсіз қалды,-дейді М.Хәкімов.  

Сәния ТОЙКЕН

20 қаңтар 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.