Атырау, 29 наурыз 16:58
 ашықВ Атырау +4
$ 448.15
€ 483.46
₽ 4.86

«Атырау-Жарық» АҚ: «Маржан» сән үйі кінәлі емес, кінә - үйдің жарық желілерінде болуы керек

4 365 просмотра

Естеріңізде болса, газетіміздің өткен нөмірінде біз Сәтбаев көшесіндегі №5 үйдің 9-подъезіндегі пәтерлерге су келіп тұрған краннан ток тартып тұрғандығы жөнінде жазған болатынбыз («Жайық самалы», №2, 13-қаңтар, «Сәтбаев көшесіндегі №5 үй тұрғындарына қауіп төніп тұр»).

Әсіресе жұмыс күндері байқалған токтың кесірінен тұрғындар суды емін-еркін пайдалана алмай         отырған болатын. Әлі де солай. Осы мәселені жеткізген Шархат әжей бар кінәны үйдің бірінші қабатында орналасқан «Маржан» сән ательесінен көрген еді. Бір аптадан соң «Атырау-Жарық» АҚ біздің сауалымызға ресми жауабын берді.

«Атырау-Жарық» АҚ-ы Атырау қаласы, Сәтбаев көшесі, №5 үйдің 82-пәтер тұрғыны Шархат Узбаева есімді әжейдің шағымына қатысты төмендегіні хабарлайды.

Атырау қалалық электр жүйелерінің мамандары жоғарыда көрсетілген тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан «Маржан» сән үйін тексерді. Және осы сән үйін электр энергиясынан ажыратып тексере келгенде де, пәтерлерден ішкі су кранында токтың бар екені анықталды.

Сонымен қатар, «Атырау-Жарық» АҚ ішкі электр жұмыстарымен айналыспайтынын және де Сәтбаев көшесінің №5 үй, 82 пәтер тұрғыны пәтерлердің меншік иелері кооперативіне (ПИК) хабарласуы керек екенін қаперіңізге береді», делінген «Атырау-Жарық» АҚ-ның бірінші тете-президенті Сүндет КЕНЖАЛИЕВ өзінің жазбаша комментарийінде.

Айнұр АСЫЛБЕКҚЫЗЫ

20 қаңтар 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.