Атырау, 28 наурыз 21:53
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Мектептер өте тар

3 313 просмотра

Қала прокуратурасы мектептердің санитарлық-эпидемиялық жағдайына тексеру жүргізді.

Брифингте қала прокурорының көмекшісі Серік ЖАҢАБАЕВ хабарлағандай, білім ордасына тән заң бұзушылықтардың бірі оқу орындарына оқушылардың артығымен қабылдануы боп табылады. Мәселен, 600 орынға есептелген №2 мектепте 1172 оқушы оқытылады. №17 мектеп-лицейде жоспар бойынша 1058 баланың орнына 1111 оқушы білім алуда. №30 орта мектептің химия кабинетінде ылғалды тазарту жұмыстары жүргізілмейді, жиһазы бүлінген, спорт залы жарықтандырылмаған. Мұндай фактілер тексеруден өткізілген мектептердің барлығында дерлік анықталған. Тексеру нәтижесі бойынша 25 ұйғарым енгізіліп, 20 адам тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Лев ГУЗИКОВ

20 қаңтар 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.