Атырау, 28 наурыз 17:59
 ашықВ Атырау 0
$ 449.58
€ 486.94
₽ 4.86

Тұмауға шалдыққандар жоқ

3 201 просмотра

Атырау облысында бүгінде бірде бір тұмауға шалдыққан науқас тіркелмеген.

Атырауда тұмаумен аурудың жоғарғы деңгейі 15-20-шы қаңтарға келеді деген эпидемиологтардың болжамы келмеді. «Біз халықтың маусымдық жұқпалы аурулармен ауруына үнемі мониторинг жүргізіп отырамыз. 14 жасқа дейінгі балаларға ерекше көңіл бөлеміз, - дейді Атырау облыстық мемлекеттік-эпидемиологиялық қадағалау комитетінің департаменті директорының орынбасары Амантай Ж¦МАҒАЛИЕВ. – Клиникалық көрсеткіштер бойынша грипп вирусына 122 пациент тексеруден өткізіліп, теріс нәтиже алынған. Бізге облыстағы барлық емханалар мен ауруханалардан мәліметтер келіп түседі. Осы аптада өткір респираторлық вирустық инфекция мен өткір респираторлық ауруларға шалдыққан 847 науқас тіркелген. Өткен жылы көрсеткіштер шамамен осындай болған – 851 науқас. Көбінесе балалар шалдығады – 649 адам».

1 қаңтарда грипптен екпені облыстағы 31 мың 647 адам алған. Жұқпалы ауруға қарсы иммунитет вакцина егілгеннен кейінгі екі аптадан соң пайда болады. Сондықтан екпе алғысы келетіндер мұны қаңтардың аяғына дейін алулары тиіс, одан кейінгі уақытта вакцина салдырудың мәнісі болмай қалады. Эпидемиологтардың айтуынша, грипп «маусымы» 1-ші сәуірге дейін созылмақ. Сондықтан қауіпті емес деп айтуға болмайды. Басқа аймақтарда грипп бар, ал біздің аймақ халқының белсенді түрде көшіп-қонып жүретіні белгілі.

Зульфия ИСКАЛИЕВА

19 қаңтар 2011, 00:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.