Атырау, 18 мамыр 13:20
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +16
$ 443.44
€ 480.51
₽ 4.88

Атыраудағы жедел жәрдем фельдшерлері әжейді ажалдан аман алып қалды

532 просмотра

Атыраудағы Қарттар үйінде тұратын 73 жастағы әжей жеміске қақалып, тұншыға бастаған. Қызметкерлер жедел жәрдем шақырды. 

«Біздің бригада оқиға орнына келгенде әйел тіпті сөйлей де алмады. Геймлих әдісімен алғашқы медициналық көмек көрсетілген кезде есін жоғалтты. Сөйтіп, клиникалық өлім орын алды», - дейді облыстық жедел жәрдем стансасы директорының орынбасары Наргиз АБДРАХМАНОВА.

Абырой болғанда, құрамында фельдшерлер Мейрамгүл Құрмашева мен Аяулым Латиева бар №26 бригаданың ұйымдасқан әрекеті нәтижесінде қайғылы жағдайдың орын алуына жол берілмеді. Реанимациялық шаралардан соң әйел есін жиып, облыстық ауруханаға жеткізілді. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

4 мамыр, 15:55

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.