Атырау, 11 желтоқсан 14:59
 бұлыңғыр боладыВ Атырау +1
$ 508.05
€ 534.82
₽ 5.06

Мұражайдағы түнгі ұрлық

3 070 просмотра

21-мамырға қараған түні облыстық өлкетану мұражайында ұрлық оқиғасы орын алған.

XVII-XVIII ғасырдағы көне екі тапанша, XIX-XX  ғасырдағы екі икон, бірнеше кеңес дәуіріндегі және қазақстандық ордендер мен медальдар (Ленин, Даңқ, Қызыл Жұлдыз, Парасат ордендері) қолды болған. Бұдан басқа, мұражайдан әйелдердің көне заманғы әшекейлері мен Ұлы Отан соғысы кезіндегі ұрыс гранатасы ғайып болған.

Қалалық ІІБ криминалдық полиция қызметкерлері 22-мамырда ұрлық қылмысын әшкереледі. СМП-163 ықшам ауданында тұратын 26 жастағы Атырау тұрғыны ұсталып, барлық ұрланған жәдігерлер тәркіленді. Ол жәдігерлерді өз үйінің жанындағы қоқыс багына жасырған екен. Қылмыскер (ақшалай балама бойынша) құнды жәдігерлер сақталатын мұражай ғимаратының есігін сәйкес келетін кілттермен ашып, кірген екен.

Гүлназира МҰХТАРОВА,

ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі

26 мамыр 2011, 16:44

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.