Атырау, 11 желтоқсан 14:22
 ашықВ Атырау -12
$ 457.61
€ 493.07
₽ 4.99

Көлік ұрлаушы алысқа ұзамады

2 233 просмотра

Қожайынының көз алдында ұрланған «Ниссан Скайлайн» көлігін полиция 10 минуттан соң қайтарып берді.

«Достар» кафесіндегі үстел үстіне көлігінің кілтін ұмыт қалдырған бойжеткен залдан шығып кетеді. Онымен бірге достары да шығады. Мұның бәрін көрші үстелде отырған жас жігіт жіті бақылап отырған. Көлік қожайыны кілті есіне түсіп қайта келген кезде ол орнында болмай шыққан. Кафеден жүгіре шыққан қыз көз алдынан ұзап бара жатқан көлігін көреді. Сол мезет «102» нөмірін тереді. Ал 10 минуттан кейін оған машинаның табылғанын хабарлаған.

- Қылмысты ІІД Жедел басқару орталығы бейнебақылау камерасының арқасында ашты, - дейді ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВА. – Ертең құқық бұзушы мамандандырылған сот алдында жауап беретін болады.

Зульфия БАЙНЕКЕЕВА

26 мамыр 2011, 16:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.