Атырау, 25 желтоқсан 06:06
 бұлыңғыр боладыВ Атырау -2
$ 515.89
€ 536.32
₽ 5.17

Қағаз құжаттардың заманы өтті

2 428 просмотра

Облыстық әкімдікте болған кеңесте облыс әкімінің кеңесшісі Нұрлан ҚОСМУРЗИН бүгінгі күні облыстағы барлық 20 басқарма қағазсыз құжат айналымына көшкендігін хабарлады.

Соған сәйкес, мемлекеттік органдарда құжаттардың қозғалыс жылдамдығы артып, қабылдау бөлмесіндегі кезектер, оның айтуынша, анағұрлым азайған екен. Бұдан басқа, облыстық әкімдіктің сайтын жаңарту жұмыстары басталған. Оны көп пайдаланылатын жергілікті интернет-ресурс деңгейіне жеткізу мақсат етіп қойылыпты.

Кеңесші «аудандық биліктер үйреншікті қағаз құжаттарынан айырылғылары келмейді» деп тигізіп айтты. Тексеру барысында өткен жылы әкімдер үшін алынған электронды-цифрлық қолтаңбалардың олардың өздерінде емес, көмекшілерінде екендігі анықталған. Бұл «Электронды-цифрлық қолтаңба туралы» заңды бұзу боп табылады. Аудандық бөлімдердің көпшілігінен басшылардың сканерден өткізілген қолтаңбалары бар құжаттарды тіркеу фактілері анықталған. Ал қағаз түріндегі түпнұсқасыз немесе электронды-цифрлық қолтаңбасыз сканерден өткізілген құжаттың заңды күші жоқ.

- Мемлекеттік қызметкерлер электронды үкімет порталын пайдалана алмайды, - дейді Н.Қосмурзин. Ол www.egov.kz порталын пайдалану дағдысын әуелі облыс мұғалімдеріне үйрету, содан кейін жазғы демалыс кезінде атыраулықтарды мектептердегі компьютерлік сыныптарда оқытуды ұсынды. Мұғалімдердің жұмысын «Жол картасы» есебінен немесе үйлестіру және халықты жұмыспен қамту басқармасы арқылы төлеу ұсынылды. Ал мұғалімдердің қашан демалатындықтары туралы тіс жарған жоқ.

Сөз соңында Қосмурзин өзі басқарып отырған «Ақпараттық жүйелер мен технологиялар орталығы» КМК-ның штатының аздығына және өкілеттіктерінің шектеулі екендігіне қынжылыс білдірді. Ол сондай-ақ, облыстық биліктен кәсіпорынның әрі қарайғы тағдыры жөнінде тезірек шешім қабылдауын өтінді. Өйткені, монополияға қарсы қызмет жақында «Ақпараттық жүйелер мен технологиялар орталығының» әрі қарай жұмыс жасауына тыйым салған еді. Ол жекешелендірілуі немесе мемлекеттік мекеме боп қайта құрылуы тиіс.   

Лаура СҮЛЕЙМЕНОВА

26 мамыр 2011, 02:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.