Атырау, 11 қазан 16:27
 ашықВ Атырау +12
$ 490.84
€ 536.88
₽ 5.04

Шайнап берген асты жұта алмады...

4 084 просмотра

Күйі кеткен саябақ

Индербор поселкесіндегі жаяу жүргінші жолына қомақты қаржы бөлінгенімен, ол игерілместен қалды. Енді абаттандыру да, жаяу жүргіншілер жолы да жоқ.

Аудан әкімі Жангелді Рахметқалиев ауданның тізгінін қолға ұстасымен бір жақсы бастама көтерген болатын. Кезінде көркімен көз тойдырып, кейін қамқор қолдың табын сезінуден қалып, жетімсіреп қалған саябақты қалпына келтіру жұмысына қатты көңіл бөлді. Өсіп тұрған, сәнсіздеу күйде қалған қарағаштарды жаппай қыру басталды. Бұған индерлік тұрғындар дабыл көтеріп, қарсылықтарын білдірді. Бірақ кесілген ағаштар әкімді ұятқа қалдырмайын деді ме, кейін көктеп тұрды. Аудан әкімі жұртшылық алдындағы сөзінде осы саябақты  демалыс орнына айналдыру үшін қомақты қаржы сұратып жатқанын жеткізді және ол тез арада іске асатынын айтқан болатын.

Біз биыл осы саябаққа барғанда жағымсыз көріністерді көріп, таң қалғанбыз. Саябақтардағы ағаштарды суғаруға арналған құбырлар істен шыққан, сахна адам көргісіз дәрежеге жеткен. Поселкедегі жалғыз саябақтан күй кетіп, жетімсіреген күйінен кейін бөлінген қаржының қайда кеткенін білмек болдық. Өткен жылы поселкедегі 6 км. жаяу жүргінші жолына арналып, анау‑мынау емес бақандай 56 млн. теңге бөлінді. Бірақ аудан әкімі ол қаржының бір бөлегі саябақты көркейтуге жұмсалатынын жеткізді. Айналып келгенде ол қаржы жыл соңына дейін игерілмей кері қайтарылған.

‑ Ешқандай дабыл көтерудің қажеті жоқ. Былтыр игерілмесе биыл игеріледі. Оны жоғардан сұрап хат жаздық. Бөлінеді, ‑ дедіаудан әкімінің орынбасары Асылбек САРСЕНҒАЛИЕВ.

Ал облыс «шайнап берген асты жұта алмаған» индерліктерге игерілмеген 56 млн. теңгені қайта бөлген жоқ. Сұратып қол жеткізе алмайтын қаржыдан қағылған индерліктерге тақтайдай жаяу жүргінші жолы және көркем саябақта демалу бұйырмай қалғаны өкінішті‑ақ.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті түсірген автор

26 мамыр 2011, 01:50

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.