Атырау, 24 қараша 03:41
 ашықВ Атырау +1
$ 498.34
€ 519.72
₽ 4.85

Олландтың азаматтық некедегі жұбайы ауруханаға түсті

1 495 просмотра
ранция президенті Франсуа Олландтың азаматтық некедегі әйелі Валери Триервейлер Париждегі ауруханалардың біріне түсті. Бұл туралы Reuters агенттігіне Триервейлердің баспасөз хатшысы хабарлаған. Оның айтуынша, Триервейлер ауруханаға 10 қаңтарда түскен және бүгін, 13 қаңтарда шығады.

Францияның ақпарат құралдары Триервейлер ауруханаға Олланд пен актриса Жюли Гайе арасындағы жақын байланыс туралы хабарлардан есеңгіреп түсті деп хабарлайды.

Триервейлердің баспасөз хатшысы Олланд пен азаматтық некедегі әйелінің болашағы туралы айтудан бас тартқан. Ол тек "Триервейлерге тынығу қажет. Бұдан арғы қарым-қатынасы қалай болатынын содан кейін ғана шешеді" деген.  

Өткен аптада франциялық Closer журналының сайтында 59 жастағы Франсуа Олландтың 41 жастағы актриса Жюли Гайенің жасырын байланысы туралы мақала жарияланған еді. Онда жаңа жыл мерекесі күні президенттің "мопедпен бетін каскамен жауып алып актрисаның үйіне барғаны және соңғы күндері актрисаның үйінде түнеп жүргені" айтылады.

Бірақ Closer журналы Жюли Гайенің адвокатының талабы бойынша сайтынан аталған мақаланы алып тастады.

Франсуа Олланд өзі туралы Closer журналына жарияланған мақаланы "жеке өміріне араласу" деп санайтынын айтып, басылымды сотқа беретінін мәлімдеген.
 
13 қаңтар 2014, 10:38

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.